Кәсіпкерлердің жиыны өтті
Павлодардың өзен портында халықаралық-логистикалық орталық құрылады. Ол Қазақстан мен Ресей арасында тауар алмасу көлемін айтарлықтай ұлғайтады. Бұл туралы кәсіпкерлердің алғашқы басқосуында айтылды. Жүкті су көлігімен тасымалдау темір жол мен автокөлікке қарағанда анағұрлым арзан.
Ризабек ХОМАРОВ, ПАВЛОДАР ӨЗЕНІ ПОРТЫНЫҢ ЖЕКТЕКШІСІ:
- Бір құрам шамамен 3 мың тонна жүк тасымалдайды, сөйтіп 200 автокөлікті алмастырады. Бүгінгі күні бұл экологиялық таза көлік түрі.
Жиында экспорттық әлеует туралы да айтылды. Кедендік Одақ Павлодардың көптеген кәсіпорындары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Сарапшылар интеграциялық үдерістердің қарқын алғанын және алдағы уақытта тоқтаусыз жүргізілетінін атап өтті.
Илья ТЕРЕНЧЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:
- «Мәселен «Кэмми», «Рубиком» - бұл Павлодар облысы өнімдерінің бренді. Жуырда оның құрамы «Зеленоград» - деген қарақұмықтан, көкөністен жасалған жаңа өнім түрімен толыға түсті. Бұл азық –түлік түрлері қазірдің өзінде Беларусь еліне, Германияға шекара асты»
Жиында жергілікті энергетиктер артық электр энергиясын экспорттау мәселесін шешу керектігін айтты. Бүгінде энергетиктер артығын Ресейге сата алмайды. Өйткені біздегі бағадан арзан сату заңға қайшы келеді.
Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Оның үстіне биылғы жылы ГРЭС-1 реконструкциядан шыққанан кейін тағы да бір 500 Мвт-тық блок іске қосылады. Сонымен, есептеген кезде жаңа мына 2 мың Мвт бізде экспорттауға мүмкіншілігіміз бар».
Энергетикаға қатысты жағдай туралы Астанаға хабарланды. Енді орталықтан шешім күтеді. Жалпы алғанда, бұл өңірде шағын және орта бизнес субъектілерінің қатары көбейген. Павлодар облысы «Үдемелі индустриалды – инновациялық даму» мен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша республика көлемінде көш басында келеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: