АЭК аясында бірнеше панельді сессиялар өтті
Бүгін ел ордасында жетінші Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Ауқымды шара аясында Тәуелсіздік сарайында бірнеше панельді сессиялар өтті. Олар жан-жақты тақырыптарды қамтиды. Бірыңғай экономикалық кеңістік бизнес диалогының «Еуразиялық экономикалық одақ жолында» іскерлік конгресі панельдік сессиясында кедендік мәселелер, сауда-саттық тақырыптары кеңінен талқыланды. Іс-шара барысында сөз алғандар жаңа экономикалық одақтың үш ел кәсіпкерлері үшін де аса тиімді екенін алға тартты. Сессия барысында түрлі пікірлер айтылды. Ашық сұхбат алаңында бизнес қауымдастық өкілдері көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, оларға тікелей сала мамандарыннан тұшымды жауап алды.
Рахман Алшанов, Экономист:
-Жабық кабинетте шешілетін мәселелер көп қой. Бірақ мына жерде ашық пікірді тыңдау керек қой. Мына кәсіпкерлерде не мұң бар екен, қандай ойлары бар екен, неге келіспей жатыр екен?! Соны тыңдап, мүмкін ертеңгі күні жасап жатқан құжаттарға өзгерту керек шығар. Бүгін енді әртүрлі пікірлер бар. Бірақ бір мәмілеге келетін жағдай бар. Жалпы барлығы түсініп отыр ғой қажеттілігін.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: