astana-view

ҚР-да Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Тұжырымдамасының Жобасы әзірленді

2014 жылғы 22 Мамыр
2906 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті экономикалық ынталандыруға негізделген Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің Ұлттық Тұжырымдамасы жобасын жасап шығарды, деп хабарлады бүгін VII Астана экономикалық форумы аясындағы панельдік сессияда Әлеуметтік сфера мен әлеуметтік серіктестік комитеті хатшысының орынбасары Нәйлә Мұхтарова.

«Осыған байланысты 2012-2014 жылдарға арналған үш жақты Бас келісім аясында Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Бизнесті экономикалық ынталандыруға негізделген Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Тұжырымдамасының Жобасын» әзірлеу бойынша тапсырма қойлды. Бүгінгі таңда сарапшылардың қатысуымен Тұжырымдамаға ұсыныстар жасалып, Тұжырымдама жобасы әзірленуде. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған тұжырымдаманы ағымдағы жылы қабылдауды жоспарлап отыр», - деді Н.Мұхтарова.

Сонымен бірге, ол аталған тұжырымдама Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының қатысуымен жасалғанын атап өтті. 

Қазіргі уақытта Тұжырымдама жобасы талқылау үшін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында жарияланған. 

Айта кеткен жөн, Тұжырымдама қабылданған соң оны тиімді жүзеге асыру үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы КӘЖ принциптерін жүзеге асыру бойынша бірқатар шаралар қолдануды жоспарлаған. 

Дерекнамасы: primeminister.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер