Қазақстан корпоративтік ортақ жауапкершілікті дамыту саласында ОА көшбасшысына айнала алады - ЭЫДҰ
Қазақстан Орталық Азияда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту бойынша көшбасшы болуыға барлық мүмкіндікке ие, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының КӘЖ бойынша баспасөз конференциясында ЭЫДҰ қаржы және кәсіпорындар мәселелері бойынша директораттың инвестициялық бөлімінің өкілі Мэри-Лу Дюпон.
«Қазақстан Орталық Азияда корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің принциптерін енгізу бойынша көшбасшыға айналуға барлық мүмкіндіктер мен алғышарттарға ие», - деді М.Дюпон.
Сонымен бірге, ол қазіргі уақытта Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы республикады КӘЖ принциптерін енгізу перспективалары бойынша арнайы есеп әзірлеген ТМД-дағы екінші ел ғана болғанын атап өтті.
Айта кеткен жөн, ЭЫДҰ сарапшылары бизнесті экономикалық ынталандыруға негізделген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Ұлттық Тұжырымдамасының жобасын жасауға қатысты.
Бұл құжат бизнес қауымдастықтар мен Үкімет үшін ғана емес, азаматтық қоғам үшін де КӘЖ принциптері мен стандарттарын енгізу бойынша ұсыныстарды қарастырады.
Қазіргі уақытта Тұжырымдама жобасы көпшіліктің талқылауына ұсынылған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: