astana-view

ШЕТЕЛДІКТЕР ОҢ БАҒА БЕРДІ

2014 жылғы 20 Мамыр
2262 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапармен келген Ұлыбритания елшілігінің хатшысы Стивен Фримэн мен Франция елінің атташесі Адам Кулаксезиан облыстық Кәсіпкерлер палатасында болып, өңірдің экономикалық жағдайы және кәсіпкерлер ұйымының жұмысымен танысты.

Палата директорының міндетін атқарушы Тұрар Ысқақов біздің өңірдің көрші елдермен сауда-экономикалық байланысы Кеден одағын құрғанға дейін орнатылғанын, алайда, ол кезде іскерлік ынтымақтастықтың тұрақты дамуына кедендік кедергілердің көп болғанын сөз етті. Сондай-ақ, ол бүгінгі жағдайды жоғары бағалай отырып, үш ел арасында өндірістік, кооперациялық байланыстардың нығая түскенін, басқа елдерге тауарлар өткізу шараларының жеңілдетілгенін, капитал мен еңбек күшінің айналымы жақсарғанын жеткізді.

Француз елшілігінің өкілі Адам Кулаксезиан бұл мәселенің көлеңкелі жағына назар аударып, Ресейдің тауарлары Қазақстан нарығына еркін әрі көп мөлшерде өткізіліп, ел ішіндегі сауда тепе-теңдігіне әсерін тигізбей ме деген сауалын қойды. Оған Тұрар Ысқақов Үкіметімен бұл олқылықтарды болдырмау үшін тиісті шаралар қолдануда, бұл іске Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы да белсенді араласып отыр деп жауап берді. Кеден одағы құрылғаннан бері солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Ресей нарығына жолды кеңейтіп, бірқатар тамақ өнімдерін шағаруға мүмкіндік алған. Сондай-ақ, бидай, қиыршықтас, құрылыс материалдары, машина жасау өнімдерін экспорттау көлемі де арта түскен.  

Шетелдік қонақтар мен өңірлік Кәсіпкерлер палатасы шетелдерден инвестиция тарту мүмкіндіктерін де сөз етті. Елшілік өкілдері өңіріміздің экономикалық дамуына, кәсіпкерлік және оның жұмыстарына қолдау көрсетіп отырған ұйымның атқарып отырған міндеттеріне оң баға берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер