Кәсіпкер құқығын қорғау – басты мақсат
Электр қуатымен жабдықтаушы мекемелердің өз қызметі үшін алдын ала 100 пайыздық төлемақы сұрауы ҚР Азаматтық кодексі талаптарына қайшы.
Кәсіпкерлер палатасының тікелей араласуымен мұндай заңсыздықтарға жол берілмейді. Енді монополист команияларға Үкімет бекіткен келісімшартпен ғана жұмыс істеу міндеттелді. Бұл туралы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің Шымкентте өткен көшпелі отырысында айтылды. Жиында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты басқа да кедергілерді жою жөнінде жан-жақты мәселелер қозғалды.
Еліміздегі 800 мың шағын және орта бизнес өкілінің 120 мыңға жуығы Оңтүстік Қазақстанда. Кеңес төрағасы Ғани Қасымов жиында кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған өзекті 3 мәселе талқыланатынын айтты. Олардың ішіндегі ең күрделісі – электр қуаты үшін 100 пайыздық алдын ала төлем.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: