astana-view

ЕЭО аясында 2016 жылы бірыңғай фармацевтикалық нарық жұмыс істей бастайды

2014 жылғы 21 Мамыр
2297 просмотров

Аталған нарық тыңғылықты дайындықты талап ететіндіктен, 3 елдің үкіметі бұл мәселені асықпай шешуге уағдаласты.

Астанада өтіп жатқан экономикалық форумдағы пленарлық отырыстың бірі ықпалдастық мәселелеріне арналған болатын. Ал одақты құру жөнінде келісімге қол қою ағымдағы айдың 29-на жоспарланғаны мәлім. Бүгінгі талқылауға қатысқан  ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов интеграция үдерістерінде Дүниежүзілік сауда ұйымының тәжірибесі ескерілгенін атап өтті. Осылайша, Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ нарықты қалыптастыруда дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері мен талаптарын назарға алу инвесторлар үшін өзара ашықтық пен сенімділікті қамтамасыз етеді. Бұл одақ тек бизнес үшін ғана емес, бұқара халық үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Алдымен, барыс-келіс жеңілдетіледі. Одаққа мүше елдің кезкелген азаматы жалпыға бірдей жеңілдетілген медициналық көмек алуға құқылы. Және азаматтықты талап етпей-ақ , қалаған 3 елде де еңбек етуге рұқсат беріледі. 

Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

- Жабық кабинетте шешілетін мәселелер көп. Бірақ мына жерде ашық пікірді тыңдау керек қой. Кәсіпкерлерде не мұң бар екен, қандай ойлары бар, неге келіспей жатыр?! Соны тыңдап мүмкін ертеңгі күні жасап жатқан құжаттарға өзгерту керек шығар. Бүгіндеәртүрлі пікірлер бар. Бірақ бір мәмілеге келеміз. Жалпы барлығы қажеттілігін түсініп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер