astana-view

Астанадағы көлеңкелi экономиканың көлемi жарты триллион теңгеден асады - И. Тасмағамбетов

2014 жылғы 27 Мамыр
2211 просмотров

Елордадағы көлеңкелi экономиканың көлемi жарты триллион теңгеден асады. Бұл туралы бүгiн Астана әкiмi Иманғали Тасмағамбетов Ұлттық кәсiпкерлер палатасының қалалық конференциясы барысында мәлiм еттi, деп хабарлайды ҚазАқпарат

"Ресми статистика бойынша, қалада көлеңкелi экономиканың үлесi 20 пайызды құрайды. Бұл шамамен 540 млрд. теңге. Олардың барлығы қалада заңды түрде жұмыс iстей алар едi, мәселен, кәсiпкерлiктiң кеңеюiне және Астана экономикасына", - дедi И. Тасмағамбетов. 

Осы орайда Астана әкiмi Қазақстанда қолға алынғалы жатқан кәсiпкерлердi капиталды және меншiктi заңдастырудан үрейленбеуге шақырды. 

"Бiзде өте жағымды тәжiрибе бар. Заңдастыру кезiнде бiрде бiр адам жауапкершiлiкке тартылған жоқ. Заңдастыру адамдардың термен тапқанын ел экономикасы мүддесiне жұмыс iстету үшiн жасалады", -деп атап өттi ол. 

Иманғали Тасмағамбетов заңдастыруға қатысты күдiктерiн де жасырмады. "Бiзде осы салада негативтi тәжiрибе де бар. Мысалы, жер учаскелерiн заңсыз басып алушыларға қатысты. Бұл жерде кейбiреулер ақша жасап алуға тырысады. Оған қарсы бiзде тиiстi тетіктер бар", - дедi И. Тасмағамбетов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер