Қазақстан елордасының көлеңкелі экономикасында 540 млрд. теңге жасырылған
Астананың көлеңкелі экономикасында 540 млрд. теңге жасырылған.
Бұл туралы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов кәсіпкерлер конференциясында мәлімдеді. Шаһар басшысы бұл бизнесмендерге қаржысын заңдастырып, экономиканы көтеруге ұсыныс жасады. Қазіргі таңда Астанада 56 мың орта және шағын кәсіпкер тіркелген. Әкімнің айтуынша, соңғы жылдары мемлекет бюджетіне кәсіпкерлер құйған қаражат 20%-ға өсіп, 610 млрд. теңгені құрап отыр. Алқалы жиын барысында кәсіпкерлер өндірістік алаңдардың жетіспеушілігін баса айтты. Иманғали Тасмағамбетов бұл мәселе жақын арада шешіледі деген уәде берді.
Иманғали Тасмағамбетов, қала әкімі:
- Қазір біз логистикалық орталықтар салып жатырмыз. Алғашқысының құрылысы қараша айына дейін бітеді. Екіншісі 100 гектарлық аумаққа салынады. Қазір техникалық жұмыстар жүргізілуде. Үш жүз миллион АҚШ доллары инвестиция құйылды.
Тимур Құлыбаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы:
- Біз қаладағы шағын және орта бизнестің индустриялизация картасын жасауымыз керек. Кәсіпкерлерге бизнес жоспар құру, кадрларды табуға көмектесеміз. Жобаларды қаржыландырып, жүзеге асыруға қолдау жасаймыз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: