astana-view

Кәсіпкерлердің мүддесі мен құқығы сөз болды

2014 жылғы 28 Мамыр
2266 просмотров

Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасында төрт тақырып талқыланды. Оның әуелгісі – авторлық қоғам мен телерадио хабарын таратушы оператордың арасындағы дау.  

Екінші мәселе - «Орда Мұнай Трейд» компаниясына тиеселі 150 цистернаны Жамбыл облысы кеденшілерінің тоқтатып қоюы.  

Заңға сай, көктемде жанармайды шетелге шығаруға болмайды. Ал, компания өкілдері жанармайды Ресейдің мұнай өңдеу зауытынан сатып алғанын, тиісінше, заңның бұл талабы өздеріне жүрмейтінін айтып азар да безер.  

Осы кеңесте «Синойл» компаниясына заңсыз тексерулердің көбейіп кеткені айтылды. Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, соңғы кезде арыз-шағымның біразға азайғанын айтады. Оған бірнеше фактор себеп екен.  

Асхат Күзеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Шағымдар ең бірінші облыста қаралады. Әр өңірде түпкі палатаның өзінің филиалдары бар. Біздің кеңесіміздің де сол өңірлерде аймақтық отырыстары өткізіледі. Өңірлерде шешімін таппаған мәселелер орталыққа, яғни біздің кеңеске жіберіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер