astana-view

«Астана Моторс» бәсекелесін өз жерінде баса озды – Р. Ошақбаев

2014 жылғы 28 Мамыр
2469 просмотров

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек профессор-оқытушылық құраммен және студенттермен кездескен болатын. Отырысқа қатысып, Еуразиялық ықпалдастық тақырыбы аясында тереңнен ой қозғап, нақты мысалдар келтіре сөйлеген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рахым Ошақбаев осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Бүгінде «Астана Моторс» компаниясы Алматы іргесінде «Hundai» автобустарын құрастырып шығаратыны белгілі. Отандық өнімді ендігі жерде Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттер нарығына шығару да, бұл компанияның басты мақсаттарының бірі. Тап осындай атаумен, нақ осы көліктер Беларусия елінде де құрастырылады. Бір қызығы біздің отандық компания өз елімізді былай қойып, әлгі беларустық әріптестерін өз жерінде баса озғаны, отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттігінің жарқын көрінісі. Ал енді «Астана Моторс» компаниясының ұтымды ұйымдастырылған сервистік қызметі мен сапалы өнімінің нәтижесі, мақтануға тұрарлық қазақстандық өнім деп атап өтті, - Рахым Сәкенұлы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер