astana-view

Шымкент бизнесі ЕАЭО құрылуынан кейінгі ынтымақтастықтың тиімді жобалары пайда болуын күтеді

2014 жылғы 29 Мамыр
2298 просмотров

ЕАЭО құру туралы шартқа қол қойылғанннан кейін көптеген қызықты жобалар пайда болады, деп санайды ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатов.

Ол шартқа қойылғаннан кейін тауар өндірушіге қойылатын талаптар регламенттеледі, елдер арасында тауар айналымы артады, өндірістік қуаттар өседі, деген пікірін білдірді.

«ЕАЭО ауқымында қызықты жобалар жүзеге асырылатын болады. Мәселен, біздің облыс үшін бұл Мәскеуде оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің қатысуымен логистикалық орталық құрылысы болмақ. Қазір Ресейге жеміс-көкөніс және ет өнімдерін жеткізу мәселесі пысықталуда»

Әзірге бұл қызметте түйткілдер бар - ол ет өнімдерін Қазақстаннан тыс жерлерге шығаруға мүмкіндік бермей тұрған буферлік аймақ болып тұр.  ОҚО Кәсіпкерлер палатасы тарапынан бұл шектеулерді алып тастау мәселесі пысықталды және Ұлттық палатаға жіберілді.

«ЕАЭО құрылуымен үш елдің тұтыну нарығын қалыптастыру басты игілік болмақ. 170 млн. адамдық нарық - бұл біздің ұлттық нарықтан 10 есе көп деген сөз. Тағы бір көретін пайдамыз - өндірілетін өнімдердің сапасы, жаңа технологиялар трансферті, өндірісті жаңарту жақсарады. Ал ОҚО-да ЕАЭО ауқымында агроөнеркәсіптік кешен саласында біраз жұмыс жасауға болады. Өйткені ОҚО экономикасының басты саласы - ауыл шаруашылығы мен оны өңдеу өнімдері», - деп әңгімеледі өңірлік Кәсіпкерлер палатасының басшысы.

Жеңісбек Дулатовтың пікірінше, Қазақстан бәсекеге қабілетті. Оның айтуынша, Қазақстан кәсіпкерлері жақсы қорғалған, өздерінің проблемаларын Үкіметке дейін жеткізе алады. Қазақстанда шешімдерді қабылдау шапшаңдығы да жоғары.

«Біз шартқа қол қойғаннан кейін өзара ынтымақтастық бойынша бизнес сегментіндегі жұмыс жандана түседі деп санаймыз. Тамақ өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі салаларында, туризмде, АӨК-те фармацевтика мен машинажасауда бірлескен жобалардың жүзеге асырылуын күтудеміз, - дейді Жеңісбек Дулатов. - Біздің елде ықпалдастық үдерісінде артықшылықтар да бар. Мәселен, Қазақстанда салық төмен, меншік құқығы жақсы сақталуда, реттеу тетіктері қолжетімдірек. Мұндай практика Ресейде де, Беларусьта да жоқ. Біздің бұл елдерден көбірек инвестициялар тарта аламыз деген үмітіміз бар».

Кәсіпкер соңғы 5 жылда елде сапа және мемлекеттік қолдау деңгейі жақсара түсті деп санайды. Мәселен, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы жұмыс жасауда, онда сыйақылар мөлшерлемелерін субсидиялау көзделген, зайымдарды кепілдендіру тетіктері бар, инфрақұрылымдар салуға да субсидиялар қарастырылған.

Оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің Ресейдегі және Беларусьтағы әріптестерімен ынтымақтастығы жақсы жүріп жатыр. Ондаған кәсіпорындар Кеден одағына шықты. Бұлардың ішінде - «Ордабасы Құс», «Карлскрона», «Алекс», «Қазақ-Орыс мақта-мата альянсы» сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен «Арсенал Сад» шаруа қожалығы сияқты көптеген құрылымдар бар.

«Кәсіпкерлер палатасы жергілікті тауарларды экспортқа шығаруға үнемі көмек көрсетіп отыр. Мәселен, Палатаның жәрдемдесуімен «Карданвал» АҚ Минск трактор зауытымен 40 мың иінді білік жеткізуге келісім-шарт жасасты. Бұл кәсіпорын экспортқа дайын өнімдер ұсынуда», - деді Ж.Дулатов.

Кәсіпкерлерді қолдаудың тағы бір құралы көшпелі роуд-шоу болып табылады. Айталық, кәсіпкерлер Ауғанстанда болып, ынтымақтастық жөнінде 3 шарт жасасты. Ресейге, Беларусьқа, Өзбекстанға, Пәкістанға, Тәжікстанға және басқа да елдерге шығу ойымызда бар. Жергілікті өндірушілердің тауарларын ілгері жылжыту жоспарлары бар. Айталық, Мәскеудің ірі сауда желісімен ОҚО-дан ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға шарт жасалды. МТЗ үшін қосалқы бөлшектер жеткізу мәселесі де шешілді, ал Мәскеудегі логистикалық орталыққа жер телімі бөлінді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер