astana-view

Бизнес ҰКП-ның шынайы қолдауын сезінуі керек – Т.Құлыбаев

2014 жылғы 02 Маусым
2244 просмотров

Бизнес Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шынайы қолдауын сезінуі үшін барлық әкімшілік кедергілерді жою қажет, - деді ҚР ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қызылордалық шенеуніктер мен палатаның жергілікті өкілдігіне. Бұл туралы BNews.kz тілшісі хабарлайды.

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Құлыбаев өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен, ҰКП жергілікті өкілдігінің басшылығымен және облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесті.

Бизнестің өңірлік өкілдеріне қарата айтқан сөзінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының басшысы Үкімет пен ҰКП арасында қалыптасқан диалог тәжірибесін қабылдауға, сол арқылы барлық әкімшілік кедергілерді жоюға шақырды. 

«Біз бизнестің қанат жаюына тосқауыл болып отырған әкімшілік кедергілерді қысқартуды көздейтін заңды қабылдауда үш жыл еңбек еттік. Егер олар сіздің өңірде туындаса, оны жою қажет. Бизнес ҰКП-ның шынайы қолдауын сезінуі тиіс», - деп атап өтті Тимур Құлыбаев. 

Сондай-ақ кәсіпкерлердің Қазатомөнеркәсіппен өзара әрекеттестігі де сөз болды. 

«Самұрық-Қазынамен ынтымақтастық аясында қызылордалық кәсіпкерлер үшін сатып алуларға қатысу және Қазатомөнеркәсіппен ұзақмерзімді келісімшарттар жасасу шаралары әзірленетін болады», - деді Құлыбаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер