Кәсіпкерлікті қолдау туралы меморандумға қол қойылды
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев өңірге іссапармен келді. Ақтаудағы металл құю және «Каспий битум» зауыттарын аралап, жұмысымен танысты.
Ақтаудағы металл құю зауыты - Батыс Қазақстандағы ең ірі өндіріс ошағының бірі. Жыл басынан бері 98 мың металл бұйымдарын шығарған. Отандық өнімдер Ресей мен Түркіменстан, Иранға экспортталады. Тимур Құлыбаев «Каспий битум» зауытында да болып, жұмысшылармен кездесті. Қазақстандағы бірегей зауыттың жұмыс қарқынына оң бағасын берді. Бұл кәсіпорын жол құрылысына қажетті битум шығарады. Бұдан соң аймақтық кәсіпкерлер палатасының кеңес мүшелерімен кездесу өтіп, шағын және орта бизнесті дамыту жолдары талқыланды. Тимур Құлыбаев бірер күн бұрын құрылған Еуразиялық экономикалық одақ аясында кәсіпкерлердің де мүддесі ескерілгенін атап өтті.
Тимур Құлыбаев - Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы
- Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттерінің Еуразиялық экономикалық одақ туралы үш елге де тиімді келісім-шартқа қол қойғаны баршамызға мәлім. Отандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғау мақсатында ұлттық кәсіпкерлер палатасы да өз тарапынан 120 ұсыныс берген болатын. Соның 90 пайызы осы маңызды құжатта ескерілді. Бұл - қазақстандық бизнес өкілдерінің талап тілектері. Демек, келешекте кәсіпкерліктің өркендеуіне зор мүмкіндік бар.
Дерекнамасы: Қазақстан-Ақтау
Пікір қалдыру:
Пікірлер: