Ұлттық қордан кәсіпкерлікті қолдауға 500 млрд. теңге бөлінбек
Елбасының тікелей тапсырмасымен биыл ұлттық қордан бизнесті қолдауға 500 млрд. теңге бөлінбек.
Бұдан былай ҮИИД бағдарламасын жүзеге асыру барысында өңірлерге айқын басымдылық беріледі. Бұл туралы кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Шымкентте өткен басқосуда айтылды. Жиын ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өтті. Басқосуда кәсіпкерлер өзекті мәселелер жөнінде пікірлерін ортаға салды. Бұл ұсыныстар маусым айының соңына жоспарланып отырған ұлттық кәсіпкерлер палатасының І съезінде талқыланатын болады.
Тимур Құлыбаев, ҚР ҰКП Президиумының төрағасы:
- Құқықтық-нормативтік актілерге бизнесті қолдауға бағытталған 500-ден астам өзгеріс енгізілді. Өткен аптада Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімшартқа қол қойылғаны белгілі. Осы келісімшартта біздің кәсіпкерлердің пікірлері ескерілген 120-дан астам өзгеріс ұсынылып, оның басым бөлігі мемлекет тарапынан қолдауға ие болды. Жалпы бұл нәтижелі жұмысқа біз қанағаттанып отырмыз.
Дерекнамасы: 24KZ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: