astana-view

Металл құю зауыты жыл басынан бері 98 мың өнім шығарған

2014 жылғы 31 Мамыр
2567 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев іссапармен Маңғыстау облысына барды.

Мәртебелі мейман металл құю зауытының тынысымен танысты. Бұл кәсіпорын – Батыс Қазақстандағы ең ірі өндірістің бірі. Зауыт жыл басынан бері 98 мың өнім шығарған. Отандық өнімдер Ресей, Түрікменстан және Иранға экспортталады. Бұдан соң Тимур Құлыбаев «Каспий битум» өндіріс ошағында болды. ол жұмысшылармен кездесіп, пікірін тыңдады. Қазақстанда бұрын болмаған мұндай ірі өндіріс ошағына оң бағасын берді. Кәсіпорын жол құрылысына қажетті өнімдерді шығарып, өңірдегі жолдардың жаңаруына үлес қосып жатыр. Сапар соңында аймақтық кәсіпкерлер палатасының кеңес мүшелерімен кездесіп, жиын өткізді.

Тимур Құлыбаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы:

- Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғаны баршамызға белгілі. Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің президенттері үш елгеде тиімді келісімшартқа қол қойды. Отандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғау мақсатында ұлттық кәсіпкерлер палатасы да өз ұсыныстарын берген болатын. Келешекте қазақстандық бизнестің өркендеп қанат жаюына кәміл сенуге болады.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер