Шымкентте шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды
Шымкентке Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев арнайы іссапармен барып, іскер азаматтармен кездесті.
Шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін сөз еткен басқосуда палатаның жоспарлары талқыланып, атқарылған жұмыстары қорытындыланды.
Жиында оңды істермен қатар, кәсіпкерлерді толғандырып жүрген өзекті проблемалар да айтылды.
Мәселен, ауылдық жерлерде кәсіп ашатындарға несие алу жағы қиынға соғады. Екінші деңгейлі банктер кепілге үйлерін алмайды, ақша да бермейді.
Сондай-ақ, балық өсіріп, нарыққа шығарамын деушілерге де қолайлы жағдай жасалмаған. Бәрінен де жергілікті кәсіпкерлерді коммуналдық тариф жайы қатты толғандырады. «Оны да үкіметтік деңгейге шығарып, көтеру қажет»,-дейді кәсіпкерлер.
Әділхан Исабаев, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының комитет төрағасы:
Жылдан-жылға тариф көтерілуде. Былайша айтқанда, мемлекет көмегін береді, ал, монополистер кері тартып жатыр.
Дерекнамасы: Қазақстан
Пікір қалдыру:
Пікірлер: