Дуальды оқыту жүйесінің жол картасы жасалды
2014-2015 жылдары 10 мыңнан астам маман аталған жүйе бойынша білім алады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің отырысында мәлім етті. Жыл аяғына дейін әр облыстан дуальды оқыту жүйесінің жол картасы негізінде оқыту орталықтары ашылып, маман тапшылы мәселесі оңтайлы шешілмек. Жарты жылдық білім беру бағдарламасының 60 пайызы тәжірибеге, қалған 40 пайызы теорияға негізделген. Яғни бизнес пен білім беру саласы арасында ынтымақтастық орнап, тараптар кадр дайындау мәселесінде бірлесіп жұмыс жасайды. Ең бастысы, білім беру барысында сол өңірде тапшы мамандық иелерін дайындауға басымдық беріледі.
Нұржан Әлтаев, ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары:
-Мәселен, Астана қаласында үш бағытты белгіледік. Біріншісі – құрылыс, екіншіден – туризм саласы. Өйткені Экспо жақындап келе жатыр. Үшіншісі – коммуналдық жүйе. Бизнесмендердің өздерінің заявкасы сондай. Қазір июль айының аяғына дейін бірінші оқу орталығы ашылатын болады.
Бүгінде 34 жекеменшік мекеме өздеріне қажетті мамандарды дайындау бойынша қайта оқыту ісіне араласуда. Кәсіпорындар мен оқу орындары өзара ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойып, жаңа жұмыс орны ашылады. 2 мың мұғалім кәсіпорындарда тәжірибеден өтті.
Дерекнамасы: Хабар
Пікір қалдыру:
Пікірлер: