СЪЕЗД НЕ БЕРЕДІ?
25 маусым күні Тәуелсіздік сарайында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезі өтеді. Оған 250-ге жуық делегат қатыспақшы.
Бұл – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғашқы съезі. Бизнес-қауымдастық қыркүйекте құрылды. Содан бергі Палатаның араласуымен атқарылған шаруалардың нәтижесі жиында талқыға салынбақ. Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының стратегиялық жобасы таныстырылып, бекітілетін болады.
Съезге Ұлттық палатаның құрамына енген республикалық салааралық және салалық бизнес қауымдастықтар, шағын және орта, ірі бизнес қауымдастықтары және Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі іріктеген кәсіпкерлер шақырылып отыр. Сонымен қатар, жиынға міндетті түрде Үкімет мүшелері қатысады. Сондықтан, қауымдастыққа қатысты ең маңызды шешімдер осы съезде қабылданатын болады.
Дерекнамасы: Астана Ақшамы
Пікір қалдыру:
Пікірлер: