astana-view

Кәсіпкерлер қолдауға ие болмақ

2014 жылғы 16 Маусым
2232 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнес өкілдеріне көмек беру мақсатында аймақтарды аралауға шықты. 

Кезекті жиын Ақмола облысында өтті. Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, тіпті, туризмді де дамытуға қолайлы өңірде бизнесті алға бастырудың тетіктері талқыланды. Кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы ұлттық қордан кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған 1 трлн теңгенің қайда жұмсалатынын түсіндіріп берді. 

Тимур Құлыбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы: 

Биылға 500 млрд бөлінді. Оның 250 млрд теңгесі қаржы жүйесін сауықтандыруға бағытталады. Бұл проблемалы несиелер мәселесі. Ақшаны Ұлттық банк еншілес мекемелеріне береді. Сөйтіп, ол несиелер Ұлттық банк жанынан құрылған арнайы қорға аударылады. Қаржы екінші деңгейлі банктерге түскендіктен бизнесті несиелеу артады. Ал 100 млрд теңге Даму қорына бағытталады. 

Аталмыш соманың 150 млрд-ы жаңа жобаларға бағытталмақ. Ол инвестициясы 10 млн доллардан асатын ірі жобалар болуы тиіс. Ұлттық палата өкілдері Ақмола облысы кәсіпкерлерінің ондай бастамаларға қатысып, қол жеткізуге барлық мүмкіндіктері барын атап өтті. Әсіресе, Бурабайдағы туризм саласы тың идеяларды күтіп тұр. Алайда бурабайлық кәсіпкерлер бюрокатия қол байлау екенін айтып шағымданды. Жергілікті бизнес өкілдерінің айтуынша, олар жер проблемасынан зәбір көріп жүр. 

Асқар Киіков, «Еңбек-береке» ЖШС директоры: 

Учаскені выделять етеді. Мысалы, Бурабай ауданында кәсіпкері сұраса, оған бермей басқа жақтан келген кәсіпкерге беріп жатыр. Жер бірінші приоритет берілу керек жергілікті тұрғынға. Біз осы мәселені сұрадық. Қарастырамыз деді. 

Дерекнамасы: Астана ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер