М. Әбенов Қызылорда облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы болып тағайындалды
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы болып қоғам қайраткері Мұрат Әбенов тағайындалды. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Ол бұған дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Білім және ғылым вице-министрі қызметтерін атқарған. ҚР Парламенті Мәжілісінің IV-V шақырылымының депутаты. Кеңес мүшелері төрағаның жұмыс тәжірибесі, белсенді азаматтық ұстанымы, заңдылықтарды терең теориялық және тәжірибелік білуі кеңес жұмысына үлкен әсерін тигізеді деп есептейді. Оның кандидатурасы кезекті кеңес отырысында таныстырылды.
Жиында бірқатар мәселе қаралды. Мысалы, облыстық сот актілерін орындау департаменті борышкер бола тұра, «Фрак Джет» ЖШС-не берешек соманы өндіруде әрекетсіздік танытып келеді. Жеке кәсіпкер Ю.П.Цой «Визави» дәмханасын шағын жатақханаға айналдыру үшін рұқсат құжаттарын алу барысында кедергілерге кезіккен көрінеді. Тиісті материалдар облыстық тәртіптік кеңестің қарауына жолданатын болды.
Дерекнамасы: Казинформ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: