astana-view

МАМАНДАР КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАН КЕЛГЕНШЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

2014 жылғы 23 Маусым
2402 просмотров

Мемлекеттік қолдау шаралары Шиелі ауданының тұрғындары мен шағын және орта бизнес өкілдері үшін қолжетімді болады.

«Даму» қорының аймақтық филиалы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысының нәтижесінде Шиеліде аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығыашылды. Орталық мамандары әрбір адамға бизнес ашып, оны жүргізу туралы егжей-тегжей ақпарат ұсынады. Мемлекеттік қолдау түрлері жөнінде консультация береді. Сондай-ақ «Бизнес-Кеңесші» жобасына тіркеп, несие пайызын субсидиялау мен кепілдік алуда ұсынылатын көмектер бойынша құжаттар жинауға жәрдемдеседі.

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Даму» қорымен бірлесе бар күш-жігерін, бірінші кезекте, өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын кәсіпорындарды құру әрі дамытуға, оның ішінде аграрлық өнімдерді қайта өңдеуге, ауыл халқы үшін басқа да қызмет түрлерін дамытуға баса мән бермек. Нәтижесінде тұрақты жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің қатары артады.

Дерекнамасы: kyzylorda-news.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер