astana-view

25 маусым күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғашқы съезі өтеді

2014 жылғы 23 Маусым
2385 просмотров

25 маусым күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғашқы съезі өтеді.

Онда елдегі кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, палата жұмысының нәтижелері сөз болмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында палатаның басқарма мүшесі Екатерина Никитинская мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған ұйым құрылғалы маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Соңғы жарты жыл ішінде кәсіпкерлерден100-ден астам өтініш келіп түскен. Осыған байланысты мамандар мемлекеттік сатып-алу заңына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасаған.

Екатерина Никитинская, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі:

- Съезд барысында кәсіпкерлер палатасының дамуы, жұмыс барысы талқыланады. 200-ден астам бизнес өкілдері қатысады деп жоспарлануда. Палата мен салааралық ассоциациялардың байлынысы да назардан тыс қалмайды. Бүгінде кәсіпкерлікпен айналысып, тұрғындарды жұмыс­пен қамтып отырғандар саны артуда. Сондықтан мұндай жиындар экономиканың дамуына септігін тигізбек.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер