К.Мәсiмов ҰКП I съезi қатысушыларын құттықтады
ҚР Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов Ұлттық кәсiпкерлер палатасының I съезi қатысушыларын құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Құрметтi делегаттар және съезд қонақтары! Сiздердi Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасының I съезiмен құттықтаймын. Тәуелсiздiгiмiздiң бiрiншi күнiнен бастап Мемлекет басшысы отандық бизнестiң мәнi мен рөлiн ерекше атап көрсетiп келедi. Елбасымыздың қолдауымен Ұлттық кәсiпкерлер палатасы құрылды», - дедi К.Мәсiмов.
Үкiмет басшысы ҰКП мүшелерiне отандық бизнестi дамыту мен қолдау бойынша үлкен мiндеттер қойылып отырғанын атап өттi.
«Қысқа уақыт iшiнде барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтап, ең бастысы, маңызды экономикалық мәселелердi талқылауға белсене атсалысып жатқандарыңыз көңiл қуантады. Үкiметтегi маңызды мәжiлiстер мен отырыстар сiздердiң қатысуларыңызбен өтуде. Өйткенi, сiздердiң пiкiрлерiңiз бiзге өте маңызды. ҚР Президентi жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесi, Үкiметтiң жанындағы Бiрыңғай үйлестiру орталығы, әрбiр мемлекеттiк органдардағы сараптама кеңестерi осы үшiн құрылған болатын», - дедi ол.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: