astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына отандық бизнесті дамыту бойынша міндеттер жүктелді

2014 жылғы 25 Маусым
2393 просмотров

Кәсіпкерлерге отандық бизнесті қолдауға және ел экономикасын дамытуға байланысты байыпты міндет жүктелді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірінші съезінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

К.Мәсімов: «Мемлекет басшысы ел дамуындағы отандық бизнестің рөлі мен мәніне ерекше назар аударып келеді. Сіздердің Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы бастамаларыңызға Президент қолдау көрсетті. Сіздерге отандық бизнесті қолдау және дамыту бойынша байыпты міндет жүктелді», – деді.

Үкімет басшысы сонымен қатар қысқа мерзім ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасын ұйымдастыру ісі аяқталып, оның толық қалыптасқанына тоқталды.

Дерекнамасы: Егемен Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер