astana-view

Шағын және орта бизнеске қолдау ретінде коммуналдық тарифтердің өсуіне жол бермеу керек

2014 жылғы 25 Маусым
2528 просмотров

Шағын және орта бизнеске қолдау ретінде белгілі бір мерзімге коммуналдық тарифтерді "қатырып", өсуіне жол бермеу керек. Ал монополистерге өтемақы ретінде мемлекеттік субсидия беру мүмкіндігін қарастырған жөн. Өйткені коммуналдық қызметтер кез келген тауардың өзіндік құнының 30 пайызын құрайды. 

Бұл ойды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының мүшесі Гүлнәр Құрбанбаева "Нұр Отан" партиясы жанындағы шағын және орта бизнеске қолдау мәселесі қаралған сарапшылар тобының кезекті отырысында білдірді. 

Гүлнәр Құрбанбаева, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының мүшесі: 

Табиғи монополия субъектілеріне субсидия беріп, көмектесу керек. Яғни оларға тарифтерін "қатырып" қойғаны үшін мемлекеттік қолдау ретінде осындай өтемақы берген дұрыс. Өйткені олар да бизнес өкілдері. Сондықтан бұл мәселені жан-жақты қарау керек. 

"Коммуналдық тарифтер қалтаны қағатын болғандықтан, тауар бәсекеге төтеп бере алмайды", - дейді Құрбанбаева. Сыртқы нарыққа шығу мәселесі де күрделене түседі. Және өндірістің модернизациясы қиындайды. 

Дерекнамасы: Астана ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер