Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев Солтүстік Қазақстан өңіріне келді
«Зенченко и К» КС - теріскейдегі іргелі кәсіпорындардың бірі. Мұнда өсімдік және мал шаруашылығы қатар дамуда. Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Тимур Құлыбаев алдымен шаруашылықтағы асыл тұқымды мал өсірілетін репродукторда болды.
Мұндағы екі базада етті-сүтті бағыттағы 600 семментал бар. Кәсіпорын заманауи сауын залымен жарақталған. Ал мынау - жылқы фермасы. Бұл жерде 300 қамбар ата төлі бар. Арасында ағылшын және орыстың желіс жылқылары, таза тұқымды сәйгүліктер күтіп-бағылуда. Серіктестіктің атқарушы директоры Геннадий Зенченко қонақтарға ірі қараны өсіруде жасалған жағдайлар туралы айтып берді. Қазір мұнда асыл тұқымды зеңгі баба төлінің екінші ұрпағы өсірілуде. Корпуста 90 бұзау бар. Олар бұл жерде 2 айлығынан 4 айлығына дейін бағылады. 2008 жылдан бері серіктестікте сүт кешені жұмыс істейді. Голштино-фриз тұқымды сиырлар күніне 40-50 тонна сүт береді. Табиғи таза өнім кәсіпорынның сүт зауытында өңделеді. Серіктестікті аралаған Тимур Құлыбаев өзгелерден шикізат сатып алу жайын сұрастырды.
Геннадий Зенченко- «Зенченко и К» КС атқарушы директоры.
- Пияз өсіруді Голландтықтар келіп үйретіп кетті. Көктемде ексек, қыркүйек айының ортасында өнімді жинап аламыз. Арнайы қоймада сақтаймыз. Керекті температураны береміз. Соның нәтижесінде пияз 25 күн өткеннен соң өзі пісіп жетіледі. Ең алғашқы жылы пиязды 20 гектар жерге отырғыздық. Сол уақытта біз 720 тонна өнім алғанбыз.
Серіктестік жетекшісі әлеуметтік саланы да қамтып өтіп, ауыл тұрғындарына жасалып жатқан жағдайларды сөз етті.
Бұдан кейін астаналық қонақтар «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ ат басын бұрды. Ең алдымен Тимур Құлыбаев энергетикалық машинажасау цехінің жұмысымен танысты. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын байқады. Бүгіндері аталмыш цехта 250 адам еңбек етеді, өндіріске қажетті қондырлығылар жыл сайын жаңартылуда. Сондықтан жұмыс барысында қиындықтар туындаған емес дейді осында 4 жылдан астам уақыт еңбек етіп жүрген Мұрат Қасенов.
Мұрат Қасенов- «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ қырнаушысы
-Жуырда бізге жаңа станоктар әкелді. Ескілеріне қарағанда олардың өнімділігі, жылдамдығы жоғары. Тапсырыстар болса, жұмыс әрине жақсы жүреді. Жалақыны да бізге уақытылы төлеп тұрады.
Кейін 5-ші цехқа барған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасына дайын техника көрсетілді. Бүгіндері кәсіпорында барлығы мыңнан астам адам еңбек етеді. Өткен жылы зауыт 5 млрд 600 млн теңгенің өнімін шығарған. Кәсіпорын негізінен мұнай және газ өндіру саласында қызмет атқаратын Ресейлік және Қазақстандық компаниялардың тапсырыстарын орындайды. Биыл мұндағылар 6,5 млрд теңгенің тауарын шығаруды көздеп отыр. Қазірдің өзінде зауыт 3 млрд теңгеден астам соманың тапсырыстарын алған.
Дерекнамасы: МТРК
Пікір қалдыру:
Пікірлер: