astana-view

ҰКП мен Мәдениет министрлігі бизнес жобалардың анықтамалығын шығарды

2014 жылғы 10 Шілде
2239 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен 30 мың данамен «Шағын кәсіпкерлікке арналған 100 бизнес жоба» анықтамалығын шығарды.

«Бұл жинақта 100 бизнес жобаның үлгісі жасалынған. Осы арқылы әркім өз жұмысын бастау мен оны ары қарай алып кетуді толықтай игереді. Анықтамалықта барлық есептеулер жасалынып, жобаның қаншаға түсетіні, жалдамалы қызметкерлердіжалақысына қанша қаражат қажет екені, қанша уақыттан кейін таза кіріс кіретіні анық қарастырылған», - дейді ҰКП басқарма төрағасы орынбасары Нұржан Әлтаев.

Қазақстанда бұрын-соңды мұндай анықтамалық шығарылмаған. Онда 10 млн теңгеге жетпейтін өзекті бизнес жобалардың тізімі қамтылған.

«Бұл кішігірім стартап жобалар. Олардың құны шамамен 500 мың теңгеден 15 млн теңгеге дейін», - дейді.

Сонымен қатар Ұлттық палата ауыл тұрғындарын шағын бизнеске баулып, анықтамалықта көрсетілген кәсіп түрлерінің ауылдық жерлерде ашылуына жол ашпақ.

«Қазіргі таңда анықтамалықтың 2 мың данасы республика өңірлеріне таратылып жіберілді. Ойымызша, бұл жергілікті жерлердегі кәсіпкерліктің дамуына серпін бермек», - дейді Н.Әлтаев.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер