astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы футболдан турнир өткізді

2014 жылғы 14 Шілде
2377 просмотров

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы салауатты өмір салтын насихаттау және облыстың кәсіпкерлері, дамыту институттары, бизнес-ассоциациялары мен мемлекеттік ұйымдармен қарым-қатынасты нығайту мақсатында шағын футбол бойынша «Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кубогына» арналған турнир өткізді.

Шараға екінші деңгейлі банктер, мемлекеттік мекемелер, дамыту институттары және облыстың шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

- Әлем Чемпионатының арқасында бүгінгі күні адамдардың қызығушылығы артқан футболды пайдалана отырып салауатты өмір салтын насихатау, кәсіпкерлер арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында шағын футбодан турнир өткізуді қолға алдық. Бұл спорт мерекесі көңілімізден шықты. Турнир аясында облыс кәсіпкерлерінің жылы лебіздерін естіп, осындай турнирді жиі өткізіп тұру туралы ұсыныс алдық, - дейді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров.

Турнирдің жеңімпаздары мен қатысушылары Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан мараптталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Дерекнамасы: BAQ.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер