astana-view

«Гүлнәр Тур» туроператоры банкрот деп танылуы мүмкін

2014 жылғы 16 Шілде
2427 просмотров

Қазақстан мен Түркия арасында әуе рейстерін атқаратын ATLAS JET авиакомпаниясы жұмысынан айырылуы мүмкін.

Өйткені еліміздің Ұлттық кәсіпкерлер палатасы оған берілген рұқсатты кері қайтарып алу керек деп отыр. Палатаның басқарма мүшесі Гүлнар Құрбанбаеваның айтуынша, әзірге өзіне шаң жуытпай отырған шетелдік әуекомпанияның мәселесімен халықаралық ұйымдар айналысуы керек. Ал таяқтың жуан басы «Гүлнәр Турға» тиюі мүмкін. Өйткені еліміздің Бас прокуратурасы бұл компанияны тексеруге ресми рұқсатын берді. Алайда атышулы туроператордың басшысынан әліге дейін хабар-ошар жоқ. Құзырлы органдармен байланысқа шықпаған оны шетел асып кетті деген де дерек бар. Мұны Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де жоққа шығармайды. Егер жағдай ушығып, жапа шеккен туристерге тиесілі өтемақыны компания төлей алмаса, «Гүлнәр Тур» компаниясының банкрот деп жариялануы мүмкін.

Гүлнар Құрбанбаева, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі:

- «Гүлнәр Турды» банкротқа жіберу мәселесі қазір жүріп жатқан тексеру жұмыстарының нәтижесіне байланысты көтеріледі. Егер төленетін өтемақы мен төлемдердің мөлшері ауқымды болатын болса, «Гүлнәр Тур» компаниясын ресми түрде банкрот етіп жариялау туралы шешім шығарылуы мүмкін. Дегенмен, бұл әлі нақты дерек емес. Қайталап айтқым келеді, бұл мәселе өз алдына бөлек қаралып жатыр.

Талғат Дайыров, ҚР Туристік операторлар қауымдастығының төрағасы:

- Бұл жерде түрік әуекомпаниясы билігінің тарапынан айтарлықтай кінә жоқ. Кінә жолаушыларды тасымалдаушы әуекомпаниясында болуы мүмкін. Яғни ATLAS JET компаниясы мүмкін турагенттікті таңдаудан қателескен болар. Бұл жерде туристік агенттіктің қаржылық қиындықтары ушығып, оның залалы түрік әуекомпаниясының жұмысына тиген болар деп топшылаймыз.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер