astana-view

«ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» ҚАРАСЫП ТҰР

2014 жылғы 21 Шілде
2781 просмотров

«Сыр елінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыратындар қатары көбеюде», - деп хабарлайды Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі. 

Жуырда бірқатар агроөнеркәсіп кешені субъектісінің басшылары, «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы, «Қазагромаркетинг» АҚ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, сондай-ақ онлайн-режимде ҚР ҰКП президиумы агроөнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының сарапшылары дөңгелек үстелге қатысты. Кездесу барысында олар кепілдік саясат және ауыл шаруашылығы тауарын өндіру барысында кездесетін басқа да мәселелер төңірегінде сөз қозғады. 

- Статистикаға сүйенсек, соңғы төрт жылдан бері «ҚазАгроҚаржы» арқылы жыл сайын біздің өңірге лизинг бойынша 1,5 млрд. теңге шамасында қаржы бөлініп келеді. Қазіргі уақытта өңірлік кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені дамуының 2020 жылға дейінгі жобасын жасады. Бұл жоба жеке инвесторлар және мемлекеттік қаржы институттарының жұмыс сапасын арттырады деп сенеміз, - деді өңірлік кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Р.Досмаханов. 
Қорыта келе, көтерілген мәселелер ескеріліп, ұсынылған пікірлер ҚР ҰКП жіберілді. 

Дерекнамасы: kyzylorda-news.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер