astana-view

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында басшы ауысты

2014 жылғы 28 Шілде
2344 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалының жаңа директоры болып Алматы қаласы мәслихатының депутаты Артур Котенёв тағайындалды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне депутаттың қоғамдық қабылдауынан хабарлады. 

Бүгін Алматы қаласының аймақтық кәсіпкерлер палатасында басшы ауысты. Бүгіннен бастап ұйымның директоры қызметін Алматы қаласы мәслихатының депутаты Артур Котенёв атқаратын болады. 

Оған дейін қаланың кәсіпкерлер палатасын басқарған Ерлан Сматбеков басқа қызметке ауысты. 

Артур Котенёв 2012 жылдан бері Алматы қаласы мәслихатының депутаты, экономика және бюджеттік жоспарлау комиссиясының, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның мүшесі. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы саяси бюросының мүшесі және жастарға қолдау көрсету бойынша партиялық куратор болып табылады. Оған қоса «Қазақстанның орыстар, славяндар мен казактар қауымдастығы» төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер