astana-view

Астанада «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты жинақтың тұсаукесері өтті

2014 жылғы 31 Шілде
2595 просмотров

Жақында Астана каласының Кәсіпкерлер палатасында «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Бұл туралы  astana.kz сайтына Астана каласының Кәсіпкерлер палатасында хабарлады.

Бұл анықтамалық бәрінен бұрын кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерге арналған. Әралуан бағыттар бойынша шағын бизнес үшін 100 типтік жобаларды негізгі кеңестер ретінде пайдалануға болады.

Тұсаукесер кезінде кітапшада ұсынылған мини бизнес-жобалардың ерекшелігі оның осы жоба бойынша сұрақтардың тұтас кешенінен тұратындығы айтылды.

«Бизнесті бастау әрқашан да шешілуі тиіс көптеген сұрақтар мен мақсаттармен байланысты. Осы мәселелерде қолдау көрсету мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты жинақты шығарған. Кез келген адам аталған жинақты Астана қаласының кәсіпкерлер палатасынан қазақ, немесе орыс тілінде тегін ала алады», - деп мәсімдеді Мейірбек Мажитов, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының директоры.

Дерекнамасы: astana.gov.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер