astana-view

Кәсіпкерлердің сауаттылығын арттыру - бірінші кезекте

2014 жылғы 04 Тамыз
2391 просмотров

Өз ісіңді ашу бар да, оны өрге сүйреу - одан да машақатты іс. Мамандардың айтуынша, кәсіпкерлердің 70%-ға жуығы бизнес жүргізуде сауаты жете бермейді. Нәтижесінде кәсібін жауып тынады. "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасының бір тармағы осы - өз ісін ашқан азаматтарға тегін кеңес беру. Ол үшін ел қазынасынан біздің облысқа биылға 46 млн. теңге бөлінген. 

Александр Бердниченко, СҚО кәсіпкерлер палатасы бөлімінің жетекшісі

- Ауқымды жұмысқа тәжірибесі мол 5 компания тартылды. Жергілікті серіктестіктер "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге 7 бағыт бойынша сервистік қызмет көрсетеді. Олар салықтық, бухгалтерлік, статистикалық есепті жүргізу, заң, маркетинг, мемлекеттік сатып алу мен кедендік үрдістерге қатысты. Жалпы, 65 аталым бойынша қызмет ұсынылады. Оның барлығы тегін.

Бұл шаралар кәсіпкерлердің бизнес сауаттылығын арттырып, бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған. Аталған қызмет түрлерін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан ғана емес, сондай-ақ компаниялдардың өзінен де алуға болады. "Bio Farm Analytics" серіктестігі бизнес-жоспарды өңдеумен айналысады. Олардың қызмет көрсету нарығында жүргеніне - 6 жыл. 

Владимир Фоминцев, "Bio Farm Analytics" ЖШС директоры

- Біз өз ісін енді ғана бастаған азаматтардың бизнес-жоспарын өңдеумен айналысамыз. Бұл қызмет түрі бір реттік емес, оған үнемі жүгінуге болады. Және оның бәрі тегін.

Екі аптаның ішінде өңір бизнесмендеріне 35 қызмет түрі ұсынылған.

Дерекнамасы: МТРК


Еншілес ұйымдар

Серіктестер