astana-view

Кәсіпкерлерді жер мәселесі жиі толғандырады

2014 жылғы 07 Тамыз
2524 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына арыз беріп, шағымын айтқан азаматтардың 1\4 бөлігі өздерінің құқығын қорғауды сұрайды.

Оларды көбіне жер алу мәселесі жиі мазалайды. Бұл туралы осы құрылымның басшысы Абылай Мырзахметов елордада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, енді жер алуға қатысты өтініштер электронды түрде жіберіліп, бір ай ішінде қарастырылуы тиіс. Соңғы уақытта ұлттық кәсіпкерлер палатасына 15 мыңдай шағым түсіпті. Абылай Мырзахметов алдағы аптада өтетін жиналысқа сүт, ет өнімдерін шағаратын іскер азаматтарды шақырып, олардың басты мәселелерін талқылайтындарын айтты.

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

- Кәсіпкерлер жер алуға электронды түрде өтініш жібереді. Ешқандай қағазбастылық болмайды. Әкімдіктер өз жоспарын қарастырып, бос жерлердің бар-жоқтығын анықтайды. Бір ай өткен соң олар өтініш берушілердің электронды поштасына жауап жіберуі тиіс. Кеше ғана Елбасы шенеуніктердің кабинеттеріне барып, кезекте тұруды барынша азайту керектігін айтқан болатын.

Дерекнамасы: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер