astana-view

Энергетика саласындағы байланыс нығая түспек

2014 жылғы 08 Тамыз
2467 просмотров

24KZ
Энергетика саласындағы байланыс нығая түспек


Энергетика саласының бір орынға шоғырланғаны жас мамандардың өзге кәсіпорындармен тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік береді. Шығысқазақстандық энергия өндіруші компания қызметкерлері осындай пікірде. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Энергетика министрлігін құру жөніндегі Елбасы тапсырмасы аймақтық сала мамандарының қолдауына ие болып отыр. Олардың айтуынша, жаңа министрліктің құрылуы тың технологияларды өндіру бағытындағы үлкен жобалардың жүзеге асуына жол ашпақ. Сонымен қатар 2012-2020 жылдары аралығында баламалы электр энергетикасын дамыту үшін құрылған бағдарлама аталған министрліктің арқасында сәтті шешім табатындығына сенімді. Мамытхан Сәлібеков, EAS Қазақстан энергия өндіруші компанияларының президенті: - Бүгінгі таңда Қазақстанда электр өндіруші мекеме, кәсіпорындар бар. Жеке министрлік болмағандықтан, олардың қарым-қатынасы жақсы күйде деп айта алмаймын. Өйткені жақсы тәжірбие, игі бастамалар бір мекеменің өзінде қалып қояды. Енді бірге энергетика саласын дамыту үшін бірлесе тірлік істеп, бір-бірінен үйреніп, жақсы тәжірбие ендірсе, әр кәсіпорын Қазақстанда энергиямен толық қамтамассыз етеді деген ойдамыз.
Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер