astana-view

Қостанай облысының КП сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама жобасын талқылады

2014 жылғы 11 Тамыз
2415 просмотров

Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы «Нұр Отан» партиясының « 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасына» өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынуда, деп жазады palata.kz.

Атап айтар болсақ, әкімшілік заңнамаға өзгертулер енгізу, ақпараттық технологияларды жетілдіру, мелекеттік қызмет түрлерін көбейтуді ұсынуда.

Сонымен қатар, салынған айыппұл көлемінің мемлекетке келтірілген шығын көлемінен едәуір көп болуы немесе оның ауырлығына қарамастан тым жоғары болуы сынды мәселелер көтерілді. Бұдан басқа, Азия елдерінің оңтүстік шығысында пайдаланылатын электронды бір тезере жүйесін енгізу мәселесі көтерілді.

Бұл жүйе электрондық үкімет жүйесі аясында жұмыс істейді және мемлекеттік қызмет түрлерін арттырады.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер