astana-view

Бір айда 170 қостанайлық кәсіпкер тегін кеңес алды

2014 жылғы 13 Тамыз
2327 просмотров

Шілде айында 170 қостанайлық кәсіпкер тегін қызметтік көмек алды, шара «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты аясында жүзеге асты.

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы хабарлағандай, қызметтің басым бөлігі, яғни 67-і бухгалтерлік және салық тізімі, статистикалық нәтиже жасау бойынша көрсетілді. Сондай-ақ, маркетинг пен заң көмегіне жүгінгендер де аз емес. Оны аудан мен қалаларда филиалдар арқылы жүзеге асырады.

«Кәсіпкерлер арасында мониторинг жүргізу аталмыш қызметтің нәтижелілігін көрсетті. Аудандық кәсіпкерлердің бірі өнімді жылжыту кеңесінің арқасында жаңа іскер серіктестерді тапқандығын атап өтті. Бұл қызметтік компаниялардың біліктілігін көрсетеді», - деді ӨКП директорының орынбасары Генадий Кукоба.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Кәсіпкерлер палатасы бизнеске қаржылай емес көмек көрсетудің операторы болып есептеледі. 

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер