astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жекешелендіруді ашық өткізуге үндейді

2014 жылғы 14 Тамыз
2329 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүлікті жекешелендіру үдерісінде ашықтық, жариялылық қағидасын ұстануға үндейді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мен сіздермен (журналистермен) кездесуге дайындалған кезде 27 нысанның сатылып үлгергенін естіп таң қалдым. Біз әлі күнге дейін критерийлер бойынша бұл алаңның ашық болуы үшін күресіп жатсақ, 27 нысан сатылып кетіпті. Бұл мені қатты таң қалдырды. Сатылған нысандар туралы сайтта қандай өңірде, кімнің қатысқаны, кімнің сатып алғаны туралы ақпарат жоқ. Бұл ашық болуы тиіс қой!», – дейді бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Жаннат Ертілесова.

«Мен үнемі шенеуніктерге қазір жиырма бірінші ғасыр екенін, өткен ғасырдағы секілді әрекет жасауға болмайтынын айтып отырамын. Біз байқауға қанша компания қатысқанын, қайсысы қалай жеңгенін біліп отыруымыз керек. Мен алда мұндай қайталанбайды деген үміттемін», – деп толықтырды ол өз сөзін.

Сондай-ақ, ұлттық кәсіпкерлер палатасы монополияға қарсы орган қызметін күшейтіп, палата квазимемлекеттік сектор субъектілерін жекешелендіру ісінде тауарлы нарықтарға тұрақты түрде сараптама жүргізуге атсалысуы тиіс деп есептейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер