astana-view

Қызылордалық кәсіпкерлер «Мектепке жол» акциясына 2 млн теңгеге жуық қаржы салды

2014 жылғы 30 Тамыз
2476 просмотров

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы отбасы жағдайы төмен мектеп оқушыларына мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-саймандарын алу үшін кәсіпкерлерді жұмылдырды. Нәтижесінде 2 000 000 теңге көлеміндегі қаржыға 80 оқушыға көмек көрсеттілді.

«Бізге еліміздегі әр оқушының сапалы білім алғаны маңызды. Ал балалардың мақсатты білім алулары үшін тиісті жағдай жасалуы қажет. Қазіргі таңда Қызылорда қаласының өзінде 2 000 000 теңге көлемінде қаржы жинақталып, балардың қажетті дүниелерін алу үшін үйлестірілді. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының 7 ауданда филиалымыз бар. Аудандық кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда»,-деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров.

Айта кетерлік жайт, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері де өздерінің бір күндік айлықтарын аталмыш акцияға бөлді. Қазіргі таңда мектеп директорлары Кәсіпкерлер палатасына ризашылықтарын білдіріп, алғыс хаттар жолдауда.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер