astana-view

Тиімді тұсы көп бағдарлама

2016 жылғы 11 Шілде
- Қызылорда облысы
9921 просмотров

«Микробизнес Қызылорда»: жалпы құны 339 миллион теңгеге тең 53 жоба қаржыландырылды

Бұл ақпаратпен Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Кәсіпкерлерді қолдау қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Сыр бойы» бизнес-форумында бөлісті.

Оның айтуынша, қызылордалықтар арасында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі шағын бизнесті қолдау мақсатында бірлесе жүзеге асырып отырған «Микробизнес Қызылорда» жобасы аса танымал және жоғары сұранысқа ие.

«Бұл бағдарлама шеңберінде ауыл кәсіпкерлеріне тиімді шарттармен несиелер ұсынылып отыр. Бұл мақсаттарға  660 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген, оның 300 млн теңгесін Ұлттық палата, 360 млн теңгесін облыс әкімдігі бөліп отыр. Бүгінгі күні «Микробизнес Қызылорда» арқылы 77 жоба мақұлданып, жалпы құны 339 млн теңге болатын 53 жоба қаржыландырылды», – деді Ғалымбек Жақсылықов.

Оның айтуынша, «Атамекен» өңірдегі бәсекеге қабілетті  бизнес-климатты дамытуға және инвестиция тартуға  бағытталған жұмыстарды белсенді түрде жүргізуде. Құрамында 8000-нан астам мүшелері бар 123 республикалық және салалық қауымдастықтар (одақтар) Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры, сонымен бірге, мемлекет тарапынан бизнесті дамытуға көрсетіліп отырған жан-жақты қолдау туралы да айта кетті.

«Соңғы үш жылда аудандардағы Палата филиалдары мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы 14 000 кәсіпкерлік субъектісіне 29 мың кеңес берулер мен қызметтер көрсетілген. Нәтижесінде жалпы құны  шамамен бір миллиард теңгені құрайтын 164 жоба қаржыландырылды. Ерекше атап өтетін жайт, кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтердің барлығы тегін жүргізіледі», – деді Ғ.Жақсылықов. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер