astana-view

Cеминар тақырыбы - биоқауіпсіздік

2016 жылғы 02 Қыркүйек
6113 просмотров

Агробіліктілік орталығына Ресейден келген шетелдік сарапшы Қазақстанда шошқа өсіру шаруашылығының да болашағы бар деп санайды. Себебі, қалың бұқара талғамы тек «халал» өндірісімен шектелмейді.

Қазақстандықтардың арасында шошқа еті қосылған шұжық өнімдеріне сұраныс  баршылық.  Көрші елдің астанасы Мәскеу қаласынан шақырылған білікті маман Сергей Кукушкин  семинар сабақтарын Қарағанды облысынан бастап, жергілікті шаруаларға негізінен шошқа өсірудегі бірқатар  мал ауруларының түрлерінен сақтандыру әдістерін көрсетпек. Осы орайда, бұл салада арнайы маманданған сарапшының айтуынша, әсіресе  Африка құрлығынан таралу қаупі бар індет мәселесі өзекті болуда.

Бірден ескерте кетерлігі, еліміздегі ауыл шаруашылығына байланысты мемлекеттік қолдау бағдарламаларында аталған бағытқа басымдық берілмегені аян. Сондықтан да тың ақпарат тапшы. Ал, ресейлік сарапшы, өз ісіне қатысты әлемнің көптеген елдерін аралап, агробизнесті дамыту тақырыбында біраз тәжірибе жинақтапты.  

«Мамандығым – мал дәрігері. 12 жылдан астам уақыт, ғылыми-тәжірибелік қызметпен айналысып, ірі ветеринария институтында жұмыс істедім. Онда шошқа аурулары зертханасын басқарып, қосымша шетелдерге шығып, жобаларымды қорғадым. Қазір біліп, ойға түйгенім бойынша кеңес беру дәрістеріне ден қойдым», - дейді Сергей Кукушкин.

Семинар жүргізуші биоқауіпсіздік тақырыбында тез жайылып кетуі ықтимал мал аурулары туралы әңгімелеп, жұқпалы дерттерге самарқау қараса, орны толмас экономикалық шығынға ұшырататынын  ескертпек. Сонымен қатар, торайларды дұрыс күту, қоректендіру, емдеу жайттарына да көңіл бөлінбек.

Алдаберген КЕМПІРБАЕВ


Ұқсас жаңалықтар:

Семинарлар сан саланы қамтыды
3 Қараша
2016
Ақмола облысы
Асыл тұқымды малға күтім қажет
6 Қыркүйек
2016
Қостанай облысы
Тегін семинардың пайдасы мол
6 Қыркүйек
2016
Батыс Қазақстан облысы
«Қарбыз еліне» саяхат
5 Қыркүйек
2016
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер