astana-view

Қаржылай емес қолдау

Мерчандайзинг негіздері Өз тауарыңды сөрелерге дұрыс орналастыру жөнінде

Мемлекеттік сатып алу сайтында тіркеу

Салық есептілігін электронды түрде тапсыру үшін СЕӨС қосымшасын орнату

Бизнес-жоспар құруда ақпарат жинақтау

ЖК немесе ЖШС-ны өз бетінше тіркеу жөнінде

Интернетте сауда алаңдарында тауарды орналастыру тәсілдері

Қазақстандық тауарларды кедендік декларациялау

910 салық есептілігі нысанын толтыру мен тапсыру

 

Құрметті кәсіпкерлер!
«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсету бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.


Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдауды ұсыну 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асырылады.


Сервистік қолдау көрсетудің мақсаты тиімділікті арттыру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады.

ШОК субъектілеріне мамандандырылған қызметтердің мынадай түрлері ұсынылады:
 

1) бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер:

  • салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама мәселелері бойынша консультациялар;
  •       бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды және бюджетке басқа да аударымдарды есептеу мәселелері бойынша консультациялар;
  •       бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша консультациялар;
  •       «1С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс бойынша консультациялар;
  •       салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультациялар;
  •       бөгде ұйымдар үшін қаржылық қызмет жөніндегі қосымша есептер жасау бойынша консультациялар;
  •       салықтық және статистикалық есептерді дайындау;
  •       бақылау-касса машиналары мен онлайн кассаларды тіркеу бойынша консультациялар;


      2) заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша қызметтер, оның ішінде:

  •       лицензиялар мен рұқсат құжаттарын олардың құқықтық қолдауымен алу бойынша консультация;
  •       кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды дайындау;
  •       шарттардың жобаларын электрондық форматта әзірлеу;
  •       азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық саласындағы консультациялар;
  •       мемлекеттік сатып алуға байланысты консультация;
  •       конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер дайындау;
  •       сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану жөніндегі қызмет;

     

3) қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу жөніндегі қызметтер, оның ішінде:

  • кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша даму институттарында сүйемелдеу;
  • екінші деңгейдегі банктерде, басқа да қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландыру үшін құжаттарды дайындау мәселелері бойынша сүйемелдеу;

     

4) мыналарды қамтитын маркетинг мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметтер:

  •   баға саясатын әзірлеу бойынша консультациялар;
  •   банктерден кредит алу және мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін бизнес-жоспар әзірлеу бойынша консультациялар;
  •   банктерден кредит алу және мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін бизнес-жоспар әзірлеу;
  •   тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді жылжыту жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныс типтерін зерделеу бойынша консультациялар;
  •   бәсекелес ортаны талдау бойынша консультациялар.

Қызметтер кәсіпкердің жеке қатысуымен моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ https://g4b.kz/  сайтында ұсынылады 

Қызметтер жергілікті жерлерде кәсіпкердің жеке қатысуымен облыс орталықтарында, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы, сондай-ақ https://g4b.kz/ сайтында онлайн форматта ұсынылады 

Қосымша ақпарат алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе «Атамекен» ҚР ҰКП жаппай кәсіпкерлік және микроқаржыландыру департаментіне Ебжанов Айдос телефон нөміріне: 8 (7172) 270 464 (ішкі:2014) хабарласыңыздар.

Байланыс орталығы: кез келген қаладан: 1432 және Қазақстан бойынша: 8-800-080-80-10 (кез келген қаладан тегін).

2020 жылғы 4-тоқсандағы және 2020 жылғы ЕСЕП

2019 жылғы 4-тоқсандағы және 2019 жылғы ЕСЕП

2018 жылғы 4-тоқсандағы және 2018 жылғы ЕСЕП

2017 жылғы 4-тоқсандағы және 2017 жылғы ЕСЕП

Құрметті кәсіпкерлер!
«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерге ақпараттық – кеңес беру қызметтерінің кең спектрін ұсынады.


Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асырылады.


Қызметтер экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылады.


Ұсынылатын қызметтер мыналарды қамтиды:
мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру бағыты бойынша:

      1) ШОК субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары туралы хабардар ету;
      2) ұлттық жобалар шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша консультация;
      3) шарттардың, актілердің, шоттар-фактуралар мен жүкқұжаттардың үлгілерін дайындау мәселелері бойынша консультация;
      4) бизнесті ашу және жүргізу мәселелері бойынша консультация;
      өтініштерді сүйемелдеу бағыты бойынша:
      1) лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу мәселелері бойынша сүйемелдеу;
      2) екінші деңгейдегі банктерде, басқа да қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландыруға дейін және одан кейін қажетті құжаттарды жинауда, оның ішінде кепіл мүлкін бағалауда сүйемелдеу;
      3) екінші деңгейдегі банктерде, басқа да қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландырылғаннан кейін құжаттар жинауда сүйемелдеу;
      4) құжаттарды жинауда сүйемелдеу және сатып алуға/конкурсқа/тендерге қатысу үшін, оның ішінде жер учаскесін алу үшін өтінімді ресімдеу;
      5) кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге құжаттарды дайындау;
      6) онлайн-кассалар мен бақылау-касса машиналарын тіркеуге және орнатуға құжаттарды дайындау;
      7) инженерлік желілерге (газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) қосылған кезде құжаттар мен техникалық шарттарды алуда сүйемелдеу.


Қызметтер кәсіпкердің жеке қатысуымен моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ https://g4b.kz/ сайтында ұсынылады.


Қосымша ақпарат алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе «Атамекен» ҚР ҰКП жаппай кәсіпкерлік және микроқаржыландыру департаментіне Өмірзақ Ерлан телефон нөміріне: 8 (7172) 919 347 (ішкі:1905) хабарласыңыздар.


Байланыс орталығы: кез келген қаладан: 1432 және Қазақстан бойынша: 8-800-080-80-10 (кез келген қаладан тегін).
 

Келесі жылдар бойынша:

Құрметті кәсіпкерлер!
«Атамекен»  ҰКП сіздерді «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға шақырады


2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі - Ұлттық жоба) шеңберінде «Іскерлік байланыстар» жобасын іске асыру көзделген.


Жобаның мақсаты - өз қызметін Ұлттық жоба шеңберінде экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен қолдау көрсету.


Жоба қатысушылар үшін Германияда тақырыптық бизнес-тағылымдаманы көздейді. Төрт апталық тағылымдама барысында қатысушылар ұқсас бейіндегі неміс кәсіпорындарына баруға, нақты басқару мәселелерін зерделеуге және келесі мәселелер бойынша жеке іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік алады:

  • технологиялар трансферті;
  • жабдықтарды сатып алу;
  • тауарлар мен қызметтерді өзара жеткізу;
  • франшизаны сатып алу;
  • бірлескен кәсіпорындар құру.

Құралға қатысу үшін қойылатын талаптар:
кәсіпорын орташа жылдық айналымы кемінде 5000 (бес мың) айлық есептік көрсеткіш болатын шағын немесе орта кәсіпкерлік мәртебесіне жатады.
кәсіпорынның ағымдағы қызметі экономиканың басым секторларының тізбесіне («2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларындағы» (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген) № 11 қосымшада берілген тізбеге) сәйкес келеді;
қатысушы лауазымы - кәсіпорын басшысының орынбасарынан төмен емес.
Келесі құралдардың бірі бойынша сертификаттың болуы:
2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырылған «Бизнес-мектеп» құралы;
«ШОБ топ-менеджментін оқыту» құралы;
«Іскерлік байланыстар» құралының бірінші кезеңінің түлектері.

 

Қаржыландыру:
Германияда тағылымдама өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Қазақстаннан Германияға ұшу және кері қайту үшін, сондай-ақ сол елде тұру шығыстарын қатысушы көтермейді, яғни мемлекет есебінен тегін болады. Бұл ретте қатысушылар Қазақстаннан шетелге ұшып шығатын орынға дейін өздері жетеді.
Жобаға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өту қажет!
Тағылымдамадан өтуге қатысушыларды іріктеуді Қазақстан-Германия бірлескен комиссиясы жүзеге асырады және оған мыналар кіреді:
үміткерлермен олардың тағылымдамаға қатысу мақсаттары туралы әңгімелесу;
шетелдік компаниялармен ынтымақтасу ниеті;

 

ШОБ субъектісінің әлеуеті;
басқарушы әлеуеті.
Қатысуға өтінімдер https://g4b.kz/ сайтында қабылданады. 


Қосымша ақпарат алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе «Атамекен» ҚР ҰКП жаппай кәсіпкерлік және микроқаржыландыру департаментіне Аубакирова Еркежан телефон нөміріне: 8 (7172) 270 467 (ішкі:2125) хабарласыңыздар.


Байланыс орталығы: кез келген қаладан: 1432 және Қазақстан бойынша: 8-800-080-80-10 (кез келген қаладан тегін).
Жобаны одан әрі іске асыруға қатысты ақпарат қосымша сайтта орналастырылатын болады.

 

ЕСЕПТЕР

2020 жыл бойынша маркетингтік зерттеулер 

Бизнес жоспарлар

2020:

ЕСЕПТЕР

Еншілес ұйымдар

Серіктестер