astana-view

Зейнетақы қандай болуы керек?

2015 жылғы 25 Мамыр
8825 просмотров

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақылық қамтамсыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы енгізілді. Заң жобасын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дайындаған.

Заң жобасы 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін бұдан әрі модернизациялау жөніндегі Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында жасалды.

«Атамекен» ҰКП барлық талқылауға мүдделілерді аталмыш заң жобасын талқылауға шақырады. Назарларыңызды шартты-жинақтау құрамдаспен байланысты мына ұсынылатын жаңа енгізілімдерге аударамыз:

  1. 5% жарнаны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен ортақ пулға төлейді;
  2. қорланым индивидуалды болып табылмайды, мұраға берілмейді және жарна салынған 5 жыл (немесе 60 ай) мерзімінде аталмыш құрамдасқа қатысу өтілінің жеткіліктілігін қамтамасыз еткен жағдайда төленеді;
  3. инфляция деңгейін ескере отырып сақталу бойынша мемлекеттік кепілдік жоқ;
  4. зейнетке шыққан кезде барлық салымдарды, күллі жинақтау кезеңіндегі инвестициялық табысты және қайтыс болғандар мен мигранттардан түскен жинақтарды қайта бөлуді ескере отырғандағы қорланым теңгерімі қалыптасады;
  5. ең жоғарғы төлем 2 ең төменгі күнкөріс деңгейінде шектелген, бұл «байлардан» «кедейлерге» қайта бөлуге сеп болады.

Заң жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Қаржы секторы комитетінің Хатшылығына жолдауды сұраймыз (e-mail: g.baimagambetova@palata.kz)

Заң жобасымен мына жерде танысуға болады.

ҚР Үкіметі қаулы жобасымен мына жерде танысуға болады.

ҚР Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме хатпен мына жерде танысуға болады.

Заң жобасына түсіндірме хатпен мына жерде танысуға болады.

Қабылданатын Заң әрекетінің ықтимал құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық салдарлары болжамдарымен мына жерде танысуға болады.

Заң жобасын қабылдауға байланысты кейін өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап ететін ҚР заңнамалық актілерінің тізбесімен мына жерде танысуға болады.

Заң жобасын қабылдауға байланысты өзгертулер енгізілуі қажет (жаңа редакцияда дайындау) нормативтік құқықтық актілер тізбесімен мына жерде танысуға болады.

Заң жобасына салыстырмалы кестемен мына жерде танысуға болады.

Заң жобасына қаржы-экономикалық негіздемемен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер