astana-view

Астанада кәсіпкерлер қарсылық білдіруде

2015 жылғы 15 Шілде
- Астана қаласы
9594 просмотров

Энергия компаниясының әрекетінен зиян шеккен 300-ден астам елордалық кәсіпкер монополист әрекетіне ұйымдастырылған қарсылық білдірді.

Астана Өңірлік технопаркінің (оның миссиясы инновациялық қызметті дамыту үшін жағымды жағдай жасау) аумағында орналасқан компаниялар бес күн бойы электр жарығынсыз қалған. Ондаған тонна бұзылып кеткен азық-түлік, инновациялық жабдықтардың жүздеген сағат бойы тұрып қалуы, бұзылған шарттар және уақытында жеткізілмеген өнім. Кәсіпорын иелері шығындарды есептеп жатыр…

Бәріне кінәлі электр өткізгішіндегі толып жатқан ақаулар. Қалалық коммуналдық қызметтерге энергетиктердің ақауларды жойып, электр жарығының жүйелі түрде болып тұратын іркілістерін жоюларына ықпал ету өтінішімен бірнеше мәрте жүгіну еш нәтиже бермейді. Күдер үзген кәсіпкерлер елордалық Кәсіпкерлер палатасынан құқықтық көмек сұрап, қарсылық акциясын өткізеді. 

«Компаниямыз витраж және мөлдір түсті конструкциялар шығарады. Залалды әлі есептеп үлгерген жоқпыз, бірақ бес күн бойы жарық болмауынан 15 миллион теңгелік өнімді шығара алмай қалдық. Ал қазір маусым кезі, мерзім мен жоспар күйіп кетеді, білесіздер. Мұндай жағдай жүйелі түрде болып тұрады, алайда ешкім де ешқандай шара қолданбайды», - деп мәлімдеді «Алкон +» ЖШС атқарушы директоры Бауыржан Мұхамеджанов елордалық палата сарапшыларына жүгіне отырып.

Технопарк аумағындағы электр энергиясын беретін барлық қосалқы станциялар бірнеше жыл бұрын «Рукос» ЖШС теңгеріміне берілгені белгілі болды. Жалгерлер мен меншік иелері электр беру желілерінің ондаған жыл бойы күрделі жөндеу көрмегеніне шағымдануда. Міне, осының салдарынан электр жарығын берудегі іркілістер туындайды. Бірақ қосалқы станцияда бес күн бұрын орын алған ірі апат кәсіпкерлердің шыдамын сарқыды. 

Шағымданатын ешкім де жоқ болып шықты, себебі электр жабдықтау үшін жауап беретін компания құрылтайшыларына тіпті іздеу жарияланған екен. Елорда әкімдігі коммуналдық қызмет өкілдері құр қол қарап отыр.

«Желілеріміздің «Энергосбыт» теңгеріміне берілуін талап етеміз, себебі алты жыл бойы иесіз жүрміз деуге де болады, әйтсе де мақсаттық жарналарды уақытында төлейміз. Сарыарқа ауданы бойынша бюджеттің 30% біздің кәсіпрорындар жауып отыр», - деп талап етуде бизнесмендер.

Елордалық Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бизнесмендерді, Астана қаласы әкімдігі энергетика басқармасы өкілдерін және «АстанаЭнергосбыт» ЖШС басшылығын келіссөз үстеліне шақырды. Орын алған жағдайды талқылау барысында технопарктегі электр энергиясымен түйткілдің жалғыз еместігі анықталды. Дәл осындай жағдай сумен жабдықтау желілерімен де, жолмен де болып тұрған екен – оларды жөндеуге кәсіпкерлер өз қалталарынан ақша төлеген.  

Елордалық билік инженер желілерін басқа иеге сот шешімінсіз бере алмайды.

«Қазірде қосалқы станция «Рукос» компаниясының теңгерімінде тұр. Және де қазір кейін энергиямен жабдықтау инженерлік желілерін «АстанаЭнергостбыт» ЖШС теңгеріміне  беру үшін, істі бір жыл ішінде сотқа беруге шешім шығардық. Инвестициялық бағдарлама аясында желілер модернизацияланады және қайта қалпына келтіріледі. Ал, бір жыл бойы сот шешім шығарғанша, кәсіпкерлер жеке меншік ұйымдар қызметтеріне жүгіне алады», - деп көрсетті Астана әкімдігі Энергетика басқармасының маманы Талғат Бейсенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер