astana-view

Офсеттік мәмілелер қалай жасалуға тиіс

2015 жылғы 09 Қараша
9875 просмотров

Бизнес-қоғамдастық «Офсеттік келісімдер туралы» заң жобасын дайындаушылардың офсеттік келісімдер механизмін тағы бір пысықтауын сұрайды

2012 жылғы желтоқсан айында Үкіметтің тапсырмасымен «Офсеттік келісімдер туралы» заңының жобасы дайындалған болатын, алайда көптеген қайшылықтар мен аяқталмаған тұстар болуы себебінен заң жобасы жылдан жылға шегеріле берген.

Осы жылдың қыркүйек айында Инвестициялар және даму жөніндегі министрлік аталмыш жұмысты қайта жаңғыртып, заң Тұжырымдамасының жобасын дайындады да, ол барлық мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтардың келісуіне жіберілді.

ҚР ҰКП Атқарушы хатшысы Евгений Больгерттің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі салаларындағы кәсіпкерліктің дамуы ҚР ҰКП басымдылықты бағыттарының бірі болып табылады. Тұжырымдама жобасы өз кезегінде офсеттік келісімдер механизмін тікелей шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі қосымша құрал әрі Қазақстанда жоқ, бірақ салаларда талап етілетін өндірістердің орналасу деңгейін көтеру ретіндегі офсеттік келісімдер механизмін енгізуді болжайды.

Аталмыш тұжырымдаманы кеңінен талқылау үшін үстіміздегі жылдың 5 қарашасында ҰКП алаңында салалық бизнес-қауымдастықтар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушы компаниялар өкілдерінің қатысуымен жұмыс жиналысы өтті.

Мұнай-газ және тау-кен секторындағы жер қойнауын пайдаланушылар қауымдастығы (KAZENERGY, АГМП, ЕПА) өкілдерінің ойынша, Тұжырымдама жобасы барлық жеке кәсіпкерлер ішінен тек жер қойнауын пайдаланушыларды ғана олардың шетелдік жеткізуші серіктестеріне қатысты офсеттік міндеттемелерді қолдануға негізсіз түрде міндеттейді. Аталмыш ұстаным жергілікті мазмұн жөніндегі міндеттемелерді орындауға жұмыла отырып, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу процедураларын бақылаудан және реттемесінен ауытқуды көздейтін бекітілген «Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне қайшы келеді. Сонымен қатар, бұрын жер қойнауын пайдалануға жасалған офсеттік міндеттемелерді енгізу жер қойнауын пайдаланушылар құқықтарының орнатылған кепілдіктеріне қайшы келетін болады.

«Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясының өкілдері ірі сатып алулар аясында ҚР аумағында сервистік қолдау мен қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру үшін офсеттік келісімдерді қолданудың маңыздылығын атады. Онда офсеттік келісімді бес жыл мерзімге жасау, резидент емес жеткізушіде сатып алудың ең төмен құны болуы, сонымен қатар жеткізілетін тауармен байланысы жоқ өтемақылық мәмілені болжайтын «жанама офсет» сияқты артық келісім түрі сұрақтар тудырады.

Қазақстанның Машина жасаушылар одағы төрағасының орынбасары Тимурлан Алтаев ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар тапсырыстарын отандық зауыттарға ұзақ мерзімдік негізде орналастырудың маңыздылығын баса көрсетті. Алайда, Тұжырымдамаға сәйкес, офсеттік міндеттемелер өнімі 500 мың айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға сатылып алынатын шетелдік жеткізушілерге ғана қатысты таралады.

Жиналысқа қатысушылар арнайы Ведомствоаралық комиссияның аталмыш міндеттемелердің көлемі туралы, сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуынсыз, жер қойнауын пайдаланушылар үшін белгілі бір өнімді жеткізушілердің өздерінің айқындауы туралы шешім қабылдауын болжайтын офсеттік міндеттемелерді жүзеге асыру механизмінің анық еместігін атады.

Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Kazzinc Holdings» ЖШС тәжірибелік жазықтықтағы әлеуетті түйткілдерге, атап айтқанда, офсеттік міндеттемелердің қажет болған жағдайда жеткізушімен негізгі шартты бұзу мүмкіндігін шектеуіне назар аударды. Бұл жеткізушінің көтеріңкі баға қоюы және жер қойнауын пайдаланушы шығаратын өнімнің өзіндік құнының көтерілуі сияқты тәуекелдерді тудырады.

«Тұжырымдама жобасында көбінесе әскери өнеркәсіп саласында айтарлықтай қатаң міндеттемелер орнатумен офсеттік келісімдерді қолданудың халықаралық тәжірибесі қаралған. Ал Қазақстанда бүгінгі таңда әкімшілік қысымға емес, басым секторлар мен нақты тауашаларға инвестицияларды ынталандыруға негізделген жағдай жасалған. Тұжырымдама жобасы, мәнісі жөнінен, «Инвестициялар туралы», «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» және т.б. ҚР Заңдарында негізі қаланған саясаттың қисынды жалғасы болуға тиіс», - деп атады Евгений Больгерт.

Бизнестен түскен барлық ұсыныстар мен ескертулер дайындаушылар қарауына жолданатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер