astana-view

Бақытжан Сағынтаев: «Менталитетті өзгертіп, қазақстандық өнімді сатып алу қажет»

2015 жылғы 04 Желтоқсан
10487 просмотров

«Атамекен» ҰКП «Ұлы дала елі» форумын және «Қазақстанның үздік тауары» көрмесін өткізуде

«Мемлекет басшысы Ұлы дала елі атануымыз керек деген ой тастады. «Атамекен» еліміздегі бизнес-қоғамдастықты шоғырландырушы ұйым ретінде осы сынақты қабыл алуға тиіс. Алғаш рет «Ұлы Дала елі» деген атаумен осы форумды өткізудегі үлкен жауапкершілікті мойнымызға алып отырмыз. Отандық бизнес Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, интеграция және бәсекелестік жағдайында дәрежесін жоғары ұстап, бабаларымыздың ұлы дала елін даңққа бөлейміз деген арманына сай бола аларына сенімдімін», - деп атады «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов іс-шараны аша отырып.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев форум аясында жеткізушілер мен тапсырыс берушілердің бірлескен жұмысты жөнге сала алатынына сенім білдірді. «Бәріміз аралап, көрмені тамашалап шықтық. Үлкен жұмыс жасалыпты. Тауар өндірушілерімізді мақтан тұта алатынымыз жайлы сеніммен айтуға боалды әрі өндіретін дүниемізге қымсынудың қажеті жоқ. Сапа және дизайн жөнінен шетелдік осыған ұқсас тауарлардан кем түспейтін дүниелер бар. Импорт бәрінен керемет деген менталитетімізді, психологиямызды өзгертсек, жетіп жатыр», - деді ол.

Бақытжан Сағынтаев көрмедегі отандық тауарлардың алуан түрлілігіне қуанды. «Бүгін сәукеле, шапан немесе тағы басқа да сол сияқты ұлттық бағыттағы тауарларды көріп қана қоймай, мүлдем басқа деңгейге шыққанымызды байқап отырмыз, Siemens пен Philips компаниялары шығаратын ұқсас өнімдерден кем түспейтін медициналық жабдық,  машина жасау өнімдерін көріп отырмыз. Өкінішке орай, үнемі қолдануға үйреніп қалған заттар сатып ала береміз. Бірақ бұл әлі басы, алдымызда үлкен жол жатыр деген ойдамын», - деп мәлімдеді ол форум қатысушыларына оптимистік ауан беріп.

Вице-премьер сонымен қатар отандық тауар өндірушілердің «Самұрық-Қазына» Қоры компанияларымен ұзақ мерзімдік келісімшарт жасасу төңірегіндегі толғақты мәселелерді қозғады. Оларға бірнеше мәрте ескерту жасағанын да атады. Дегенмен жағдай жақсы жағына өзгерді. «Бүгінде наурыз айынан бастап қарашаға дейін триллион теңгеге алға жылжығанымызды айта аламын. Яғни жыл басында 3,3 трлн. теңге жоспарланған болса, бұл санды 4,2 триллионға жеткіздік. Жыл қорытындысы бойынша аталмыш сома одан әрі ұлғаяды әрі бұл жұмыс жалғаса береді деген ойдамын», - деп атады ол.

Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ тағы бір түйткілді көтерді. Оны айтуынша, кейбір белорустық сүт өнімін өндірушілер тауарларының дизайнын қазақстандық нақышта ресімдеп, ұсақ қаріппен «Белрусьта өндірілген» деп жазады екен. «ЕЭК Кеңесінің отырыстарында осы мәселелерді көтеруге тиіспіз. Бастысы, сіздер жәрдемге келіңіздер – қай жерде бұзулар орын алғанын айтып отырыңыздар», - деп мәлімдеді шенеунік.

Форумда барлық спикерлер сөйлеген сөздерінде отандық өндірушілердің ДСҰ жағдайындағы жұмысының жайын сөз етті. Ұлттық палата Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев бизнес өкілдерінің алаңдаушылығын басуға асықты. «ДСҰ шарттары бойынша жергілікті мазмұнды дамытуға бағытталған қолдау шараларын орнатуға тыйым салынады, алайда, халықаралық тәжірибені зерттей келе, барлық ДСҰ мүшелері қандай да бір дәрежеде жергілікті мазмұнға қалай да қолдау жасап отырады деген қорытындыға келдік. Кәсіпкерлеріміз бұл мәселеге алаңдаулы. Барлығы да ДСҰ-ға кіру салдарынан 2016 жылдан бастап отандық тауар өндірушілерді ешқандай да қолдау болмайды деп жүр. Шын мәнісінде олай емес», - деп сендірді ол.

Нұржан Әлтаев сонымен қатар форум аяқталған соң «Ұлы Дала елі» ұлттық брендінің құрылғаны туралы хабарланатынын жеткізді. Оның сөзінше, бұл атаққа қол жеткізу оңай емес болады. Кәсіпорын аз дегенде үш критерийге сәйкес келуге тиіс: біріншіден, ол, әрине, қазақстандық болуға тиіс; екіншіден, сапа стандарттарына сәйкес келуге тиіс, үшіншіден, өндірушіні Қазақстан халқы мойындауға тиіс. «Барлығы бірдей ұлттық бренд бола алмайды. Тек қана «Эйр-Астана» авиакомпаниясы немесе «Рахат» кондитерлік фабрикасы сияқты көпшілік мойындаған кәсіпорындар ғана. Келесі жылы кәсіпорындар өтінімдері бойынша үлкен жұмыс атқарып, аудит өткіземіз әрі жылына көп дегенде 4-5 кәсіпорынға аталмыш атақты беріп отырамыз деп жоспарлаудамыз», - деп жалғады сөзін ҰКП өкілі.

ҚР инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Альберт Рау өз сөзін жақсы жаңалықтардан бастады. «Биыл, қиындықтарға қарамастан, алдын-ала есептеулер бойынша, барлық сатып алуардағы қазақстандық мазмұн үлесі 2,8% көтерілген. Бұл жерде кәсіпорындарымызға алғыс айтуымыз керек», - деді ол.

Вице - министр жағымсыз тұсты да қалдырмады. «Бес саусақ бірдей емес. «АрселорМитталды» сынауымды қоймаймын. Ойлап қараңыздар, темір кенін Ресей орталығынан, Михайлов Тау-кен байыту комбинатынан әкелу үшін, өзіміздің Лисаков комбинатын тоқтатып қойды. Осыдан соң ұжымының бетіне қалай тура қарауға болады? Онымен қоймай, темір арқауымызды ішкі нарықта сатуға көмектесіңіздер деп, бізге де, ҰКП-ға да үнемі жүгініп тұрады. Ал біз көмектесеміз», - деп атады ол.

Осыдан кейін Альберт Рау бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі – ДСҰ шарттарына қайтып оралды. «Жер қойнауын пайдалану бойынша 2021 жылға дейін міндеттемелердің сақталуын қорғап қалдық. Бірақ осы мінберді пайдалана отырып, өндірушілерімізге тағы бір жүгінгім келеді: 6 жыл өте шығады. Егер ДСҰ бір жерде шектеу қойса, еңбек өнімділігін көтеруге бағыттау тұрғысынан – білім беру, біліктілікті көтеру, аудит, модернизациямен байланысты қолдау шараларын ешкім шектеп отырған жоқ. Және де бұл құралдар Қазақстандық индустрияны даму институтында бар. Осыны пайдалануға шақырамын. Бұл жылды мемлекеттің отыра тұру үшін емес, уақытты пайдаланып қалуға беріп отырғанын тағы бір қайталап айтқым келеді», - деп мәлімдеді шенеунік.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер