astana-view

Бизнес: өзін-өзі реттеуші

2015 жылғы 04 Желтоқсан
10623 просмотров

2016 жылы Қазақстанда «Өзін-өзі реттеу туралы» заң және оған түзетулер күшіне енеді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Бағалау қызметі туралы» (жаңа редакцияда) ҚР сәйкес заңы қабылданғаннан кейін Ұлттық палатаның толыққанды мүшесіне айналатын бағалау қызметі нарығы өкілдерінің қатысуымен бағалау қызметіне өзін-өзі реттеуді енгізу мәселелері талқыланды.

ҰКП Нормативтік-құқықтық актілерді сараптауды үйлестіру департаментінің сарапшысы, «Өзін-өзі реттеу туралы» ҚР Заңы жобасы бойынша Парламент Мәжілісі жұмыс тобының мүшесі Айжан Бижанова атағандай, құжат Мемлекет басшысының былтырғы жылы Шетелдік инвесторлар кеңесінде берген тапсырмасы бойынша дайындалған.

Оның айтуынша, ҰКП заң жобасымен жасалған барлық жұмыс процестеріне қатысқан екен.

Заң 2016 жылы мамыр айында күшіне енеді, және де осыдан кейінгі жылдар бойында уәкілетті органдар, «Өзін-өзі реттеу туралы» заңға сәйкес, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға міндетті мүшелік енгізілген салаларды реттеуге келтіруге тиіс.

Осыған байланысты Ұлттық палата кәсіпкерлік қоғамдастықпен бірге бағалау және аудиторлық қызметтегі өзін-өзі реттеу мәселесін зерттеу бойынша жұмысты бастап кетті.  Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің басқа да салаларында өзін-өзі реттеуді енгізу мәселелері қаралуда, мысалы, кедендік ресімдеу (кедендік брокерлер),  салық салу (салықтық консультанттар), экологиялық аудит (экологиялық аудиторлар), энергетикалық аудит (энергетикалық аудиторлар).

Риэлторлық және туристік қызмет көрсету секторларында аталмыш салалардың өзін-өзі реттеуге көшуі көмегімен жауапкершілікті көтеру мәселесі көтерілуде. Сақтандыру ұйымдарының бірлестігі де міндетті өзін-өзі реттеудің енгізілуі көмегімен саланың жетілдірілуіне мүдделі. Бағалау және аудиторлық қызмет құрамында кәсіпқой да, кәсіпкерлік қызметтің де белгілері үйлесетіндіктен, аталмыш қызмет түрлері ерекше болып табылады. Және де қызмет түріне қарай аталмыш салаларда құрылатын өзін-өзі реттеу ұйымдарындағы бірлестік субъектілері анықталады.

Заң салалық заңдар өзгерте алмайтын базалық постулаттардан тұрады. Олардың көмегімен міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеу институттары енгізіледі.

«Заңда өзін-өзі реттеу ұйымдарын (ӨРҰ) қауымдастықтардан (одақтардан) ерекшелеуге мүмкіндік беретін белгілер анықталып, ҰКП-ның ӨРҰ-мен әрекеттестігі дайындалды. ӨРҰ-ға мүше кәсіпкерлік субъектілері үшін Съез шешімімен ҰКП-ға міндетті мүшелік жарналарды төмендету заң жүзінде бекітілген. Сонымен қатар ӨРҰ мүшелері үшін тексерулерді қысқарту (тәуекелдерді басқару жүйесіндегі есеп) көзделіп, өз мүшелеріне қатысты ӨРҰ басшылығының теріс пайдалануына жол бермеу бойынша корпоративтік тетіктері енгізілген. Сонымен бірге мемлекеттік органның реттеушілік әсерді талдау (РӘТ) қорытындыларымен келіспеген жағдайында міндетті ӨРҰ тек ҰКП жүргізуі мүмкін РӘТ процедурасынан кейін заңмен ғана енгізіледі, және де дәл осы ҰКП бастамалаған заңда өзін-өзі реттеудің қалыптасу және дамуының басқа да көптеген мәселелері көрсетілген, - деді Айжан Бижанова.

Оның сөзінше, өзін-өзі реттеу институтын енгізу бизнестің өзін-өзі реттеуінің дамуы үшін және экономиканың қайта реттелуі үшін жағдай жасауға, мемлекеттік рұқсат ету жүйесін оңтайландыруға мүмкіндік береді, нарықты құқықтық реттеудің балама тетігі пайда болады.  

«Егер 2011 - 2012 жылдары мемлекеттік органдар беретін рұқсат ету құжаттарын қысқартудың әрқайсысында 30% (яғни 60%) 2 кезеңі жүзеге асырылса, үстіміздегі жылы рұқсаттардың 50% қысқартылуы, «анықтау және жазалау» саясатынан «ескерту және адал кәсіпкерлікті ынталандыру» саясатына көшу жоспарланып отыр. Сонымен бірге міндетті өзін-өзі реттеу кезінде бақылаудың нақты үлгісі бар: ӨРҰ  тікелей нарық субъектілерін біріктіреді және олардың қызметін бақылайды, ал мемлекет ӨРҰ-ны нақты қызметтегі ӨРҰ реттеу тиімділігін бақылайды (бақылау, қызмет түріне кіруге рұқсат беру, жауапкершілік, санкциялар)», - деп түсіндірді ҰКП өкілі.

«Ағымдағы жағдайға жасалған талдау көрсетіп отырғандай, елімізде кәсіпкерлер мен кәсіпқойлар мүдделерін қозғайтын барлық нормативтік құқықтық актілерді мемлекет қабылдайды. Нәтижесінде кәсіпкерлік және кәсіпқой қызмет субъектілерінде өндіретін тауарлары, жұмыстары мен қызметтерінің сапасын көтеруге деген түрткі жоқ. Сонымен қатар мемлекеттік органдар тарапынан жеткілікті түрдегі тиімді әрі шамадан артық бақылау да болып тұрады. 800-ден астам қауымдастық пен одақ, оның ішінде 126 ҰКП-да аккредиттеуден өткен, кәсіпқойлар мен кәсіпкерлердің мүддесін қорғауды жүзеге асырады (құрылыс, денсаулық сақтау, қаржы, энергетика, АӨК; мұнай және газ, машина жасау және т.б. салаларда). Ал қазір кәсіпкердің өз қызметін өзі реттеуіне сенім білдіретін, сәйкесінше, тұтынушы алдында әріптестерінің кемшіліктері үшін жауап беретін уақыт келіп жетті», - деп түсінік беріп кетті ҰКП сарапшысы.

Оның айтуынша, өзін-өзі реттеу институтын құру ең алдымен бұған деген кәсіпкерлердің өздерінің қажеттілігімен және олардың өз іскерлік сапалары бойынша дайын болуымен шартталып, халықтың бизнеске деген сенімі жағдайында, мемлекеттің өз қызметін өз бетінше реттеуге артық килігуінсіз болып отыр.

«Заңның мақсаты – жүріс-тұрыс ережелерінің икемділігін және нарық қатысушылары, мемлекет пен тұтынушылар мүдделерін есепке алуды қамтамасыз ететін, кәсіпкерлік және кәсіпқой қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеу институтын енгізу жолымен экономиканы мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру», - деп қорытты Айжан Бижанова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер