astana-view

ҚАРАША: ЕАЭО елдеріндегі жетекші бизнес-қоғамдастықтардың бірінші басшылары Минскіде бас қосты

2016 жылғы 01 Қаңтар
8298 просмотров

26 қарашада Беларусь астанасы – Минск қаласында Еуразиялық экономикалық одақ Іскерлік Кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Іскерлік Кеңес туралы келісімге үстіміздегі жылдың 21 мамырында Астанада өткен VIII Астана экономикалық форумының аясында қол қойылғанын еске саламыз.

Отырыс жұмысына ЕАЭО бес мүше мемлекеттің жетекші бизнес-қоғамдастықтарының бірінші басшылары қатысты: Арменияның Өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері (жұмыс берушілері) одағы, Беларусь Республикасы «Өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің (жалдаушылары) конфедерациясы» Коммерциялық емес ұйымдар одағы, Қырғыз Өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы, «Ресейлік өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» Жалпыресейлік қоғамдық ұйымы және «Атамекен» ҚР ҰКП.

Өнеркәсіптік ынтымақтастық, ЕАЭО Кеден кодесі жобасы және транзит мәселелері, техникалық реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ДСҰ-дағы міндеттемелеріне сә   йкес тауарлар қозғалысын бақылау және әрекеттестік механизмдері сияқты кәсіпкерлік орта үшін маңызға ие мәселелер талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер