astana-view

Халық таныған тауарлар

2016 жылғы 04 Сәуір
10438 просмотров

Астанада қазақстандық тауарлардың «Халық маркасы» атты үлкен сауда-көрме павильоны ашылады

Тұрақты негізде жұмыс істейтін «Халық маркасы» сауда-көрме павильонына отандық кәсіпкерлерден өтініш қабылдау басталып та кетті. Тұтынушылар үшін «Халық маркасы» таңбасы халықтың таңдауына және айқын тұтынушылық бағдарға айналып үлгерді, соның арқасында сапалы қазақстандық өнім импорттан ерекшеленіп тұрады.

Құрылтайшы әрі «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау жүйесінің федерациясы» ЗТБ президенті Римма Тәжібаеваның айтуынша, осындай көрме павильоны құрылуының бірден бір артықшылығы өндірушілер үшін де, қазақстандық тұтынушылар үшін де барынша ыңғайлы нарықтық жағдайлардың жасалуы болып табылады. Жобаға қатысуға өтініш беруші отандық компаниялар павильон аумағынан 100 шаршы метрлік тегін орын алып қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы, «Халық маркасы» – халықтың сенімі мен таңдауы белгісіне ие болады, ол екі жыл бойы жарнамалық мақсаттарда пайдаланылады. Тұтынушылар болса, өз кезегінде, өнімді ең төменгі үстеме бағамен алу мүмкіндігіне ие болады: өндірушінің бағасына 3-7 пайыз қосымшамен. Халық үшін отандық өнімнің сапалылығы мен қолжетімділігі – міне, «Халық маркасы» павильонының басты міндеті осы.

«Соңғы кезде «Қазақстанда жасалған» атты көрмелер мен жәрмеңкелер жиі өткізілетін болды. Алайда олар өте қысқа мерзімді. Әлемдік тәжірибе бойынша, дәл осындай тұрақты жұмыс істейтін көрме павильондары брендтің танымалдығын 45%-ға, сатуды ұлғайтуды 57%-ға, ал өнімді экспорттауды 28%-ға көтеруге ықпал етеді. Осыған орай менде үлкен, 5-тен 25 мың шаршы метрге дейінгі аумағы бар, тұрақты жұмыс істейтін «Халық маркасы» павильонын құру идеясы пайда болды. Біздің «Халық маркасы» павильоны тек жергілікті халыққа арналған тауарлар мен қызметтерді шоғырландыратын жер ғана емес, сонымен қатар шетелдік қонақтар келетін тамаша орын болады, мұнда олар қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктерімен таныса алады. Мен «Халық маркасы» павильоны еліміздің экспорттық әлеуетін өсіруге қолдау көрсететіне сенімдімін», – деп атап айтты Римма Тәжібаева.

«Халық маркасы» павильонына жеті секция кіреді: бәрі үй және бақша үшін, Қазақстанға саяхат және туризм, балалар саябағы, әйелдер әлемі, фармацевтика, қолөнершілерге арналған саябақ, сондай-ақ азық-түлік өнімдері. Көрме павильонының ашылуы 16 мамырға жоспарланып отыр.

Биылғы жылдың наурыз айында Астана және Жамбыл қалаларында «Халық маркасы» дүкендерінің бөлшек саудасы пайда болғаны мәлім. Сәуір айының ортасында Астанада «Халық маркасы» көтерме сауда желісінің ашылуы күтілуде. Барлығы еліміз бойынша 22 желі ашу жоспарланған.

Толық ақпарат:

Компанияның қысқаша түйіндемесін мына поштаға жіберуге болады: halykmarkasy.kz@mail.ru


Еншілес ұйымдар

Серіктестер